Денсаулық мықты болу үшін пайдалы тағамдармен тамақтану керек. Пайдалы тағамдар кешенді және арнайы деп бөлінеді. Бұл жолы назарларыңызға әр ағзаға өзінше пайдалы болатын тағам түрлерін ұсынамыз. Миға: Арқан балық, тунец, сардина мен грек жаңғағы. Бұлшық еттерге: Жұмыртқа, соя сыры, қызыл балық. Ал бұлшық еттеріңіз ауырса банан жеген дұрыс. Өкпеге: Брокколи, брюссель орамжапырағы, қытай орамжапырағы. Теріге: Қаражидек, лосось, көк шай. Шашқа: Қара-жасыл көкөністер, фасоль, лосось. Көзге: Жүгері, жұмыртқаның сарысы, сәбіз. Жүрекке: Қызанақ, қайнаған картоп, өрік шырыны. Ішекке: Қара өрік, йогурт. Сүйекке: Апельсин, сүт, балдыркөк.
Олар əңгімелесе келе бірталай жол жүргендерін сезбей қалды. Санат ағасы ара-тұра аңға шығвп тұратын. Сауле анасы екеуі бақшаны ішінара ғана аралады. Ауылға қарай кешқұрым өрістен мал келе бастады. Данияр қорыққанынан жалма-жан шындықты айтты. Нағашыларым қаладан біржолата ауылға көшіп келді. Көксерек арагідік ауыл малына жортуыл жасағанын қоймады. Мен жол-жөнекей дүкенге соғып сүт пен айран сатып алдым. Жылда Наурыз мерекесінде əдемі қазақ үйлерді қаз-қатар тігеді. Анам жұмсаған соң дүкенге жылдам барып келдім.