В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Ангелочек350
Ангелочек350
27.04.2023 18:58 •  Қазақ тiлi

Сор по казахскому языку 6 класс 4 четверть с ответами

Показать ответ
Ответ:
katrinsepp
katrinsepp
14.10.2021 03:30

(на русском языке):

Редкие животные

-Привет!

-Привет...

-А ты как понимаешь слово "редкие животные"?

-Редкие животные это те животные которых осталось совсем мало,на грани вымирания.

-А что нужно делать чтобы предотвратить их вымирание?

-Нельзя вести охоту в запрещенных местах,нельзя убивать животных которые записаны в Красную Книгу.

-А что такое Красная Книга?

-Красная Книга это книга где есть названия вымирающих животных,птиц,растении

благодаря тебе я узнал нужную мне информацию!

-Не за что я всегда готова !

0,0(0 оценок)
Ответ:
katyamineeva02
katyamineeva02
22.01.2023 15:18

Объяснение:Жер – Күн жүйесінің планетасы. Жердің орбита бойымен қозғалысы. Сендер Күннің төңірегінде Жерді коса есептегенде 9 ірі аспан денесі айналып жүретінін білесіңдер. Олар – планеталар (грекше планета – кезбе).

Планеталардың Күн төңірегіндегі жолы «орбита» деп аталады (латынша орбита -із, жол).

Күнге ең жақын айналатын планета -Меркурий, онан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең соңында Плутонның орбитасы өтеді (б-сурет).

Жер басқа планеталардың тұйық жол жасап айналып жүруі Күннің Тарту күшіне байланысты.

Мұны түсіну үшін ұзын жіпке салмақты темір шығыршық байлап, бастарыңнан ай­налдырып байқаңдар. Айналдырғанда шығыршық жіпті керіп, сыртқа тебеді, босатып жіберсең, ұшып кетеді. Бірақ жіп оны тартып ұстап тұрады. Осы сияқты Күн де пла­неталарды өзіне тартып, төңірегінде айна­лып жүруге мәжбүр етеді. Егер Күннің Тар­ту күші кенет жойылып кетсе, Жер секундына 30 км жылдамдыкпен әлем кеңістігіне самғап кетер еді.

Өздерің орасан зор күшпен өзіне тартып тұрған Күннің бетіне планеталар неге құлап түспейді деген сұрақ туады. Біз бұл жерде үлкен жылдамдықпен қозғалушы дененің өзінің қозғалу бағытын сақтауға тырысатынын есімізге түсіруіміз керек. (Жіпке байлап айналдырған шығыршық осыны көрсетеді).

Сонымен, бір жағынан Күннің тарту күшіне, екінші жағынан жылдам козғалушы дененің өзінің бағытын сақтауға тырысуына байланысты басқа планеталар да, Жер де өз орбитасы бойымен бір қалыпты қозғалады.

Күн жүйесіне 9 ірі планетадан басқа көптеген ұсақ денелер кіреді. Олар: астероидтер, құйрықты жұлдыздар және метеорлар.

Астероидтер (грекше астероид- жұлдыз тәріздес) Марс пен Юпи­тер орбиталарының аралығында Күннің төңірегін айналып жүреді. Ең ірісінің көлденеңі 800 км-ге жуық, ал кішкенелерінің көлденеңі жүздеген, ондаған метрге ғана жетеді. Астероид жай көзге байқалмайды, ал телескоппен қарағанда жұлдыздардың арасында орын ауыстырып жүретін солғын жұлдызша тәрізді көрінеді (астероид жұлдыз тәрізді деп аталуы содан).

Құйрықты жұлдыздар. Күнді өте сопак орбитаның бойымен айналады. Сондықтан олар бірде Күнге өте жақындап, енді бірде одан өте қашықтап кетеді. Соған байланысты құйрықты жұлдыздардың жолы планеталардың орбитасын кесе-көлденең қиып өтеді. Құйрықты жұлдыздың басы тозаңның, қатты кесектердің және қатып қалған газдардың қо тұратын болуы керек. Ол Күнге жакындап келгенде қатып қалған газ еріп буланады да, Күн лебімен сыртқа тебіледі. Содан өте сирек газ бен тозаңнан тұратын ұзыннан-ұзақ желбіреген құйрық сияқты шашақ пайда болады.

Метеорлар (латынша «ауада қалықтаған» деген сөз) – Жердің ауа қабатына үлкен жылдамдықпен келіп енетін ұсақ түйіршіктер (көбінесе тебен иненің жасуындай болады). Олар ауаға үйкелгенде қатты қызудан жанып кетеді де, шоқ сияқты жарқырап көрінеді. Оны халық арасында «аққан жұлдыз» дейді. Неғұрлым ірірек метеорлық денелер ауада түгел жанып үлгірмей, жерге түседі. Оны «метеорит» дейді. Метеорлық денелер ыдыраған астероидтардың, кометалардың бөлігінен пайда болады.

Жердің Күн жүйесіндегі орны және оның мәні. Жер Күнді орта есеппен 150 млн км қашықтықта айналып жүреді. Күн жүйесіне кіретін планеталардың ішінде тек Жерде ғана тіршіліктің дамуы оның осы қашықтықтағы орнына тікелей байланысты. Ғалымдар күн сәулесінің түсу мөлшері Шолпанның орбитасынан Марстың орбитасына дейінгі аралықта ғана тіршілік үшін қажетті жағдай жасай алады деп есептейді. Жерге қарағанда Шолпанның орбитасы Күнге 40 млн км жақын, ал Марстікі, керісінше, онан 78 млн км алые орналасқан.

Күн жүйесінің мөлшерімен салыстырғанда бұлар онша үлкен ай-ырма больш есептелмейді. Сондыктан соңғы кезге дейін адамдар Шолпан мен Марека кандай да болмасын тіршілік көзі ретінде үмітпен қарап келді. Алайда біздің кезіміздегі ғарыштық зерттеулер бұл үмітті бекерге шығарып отыр. Шолпан мен Марека жіберілген ғарыш құралдары бұл екі планетаның екеуінде де тіршілік үшін қажетті жағдайдың жоқ екендігін анықтады. Шолпанның бетінде температура 500° С-қа дейін көтерілетіні және ондағы атмосфераның 97 пайызы тіршілікке зиянды көміркышкыл газынан тұратындығы белгілі болды. Ал Марстың атмосферасы өте жұқа және оның өзі түгелдей дерлік көмірқышқыл газынан құралған. Атмосфераның жұқа өрі селдір қабаты Күннен түскен жылуды ұстап тұра алмайтындықтан, Марстың беті ғаламат суық. Температура планетаның ең колайлы деген жерінде ғана кейде 16° С-қа дейін көтеріледі. Ал басқа көпшілік бөлігінде барлық уақытта 0° С-тан төмен. Аяздың күштілігі соншалық, онда су ғана емес, оның атмосферасынын басым көпшілік бөлігін құрайтын көміркышкыл газ да тек катты күйде кездеседі. Мұндай жағдайда микроорганизмдердің де тіршілік ете алмайтындығы белгілі.

Сонымен, Жер – Күн жүйесіндегі бірден-бір тіршілік пайда бол­ған планета. Оған Күн жүйесіндегі орнымен (Күннен қашықтығы) бірге қалың атмосфера қабатының болуы, өз білігінен айналу уақыты және басқа да жағдайлар жиынтығы себеп болған.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота