Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
BAkdaulet2003 главный мозг ответил 20.11.2013Диалог между внучкой и бабушкой -Әжетай, бізге сабақта "'Қазақтың ұлттық киімдері"' туралы баяндама жасауды берді,мен ешқандай мәлімет табалмадым. -Қызым-ау ер адамның бас киіміне айыр қалпақ,тақия,бөрік жатады,ал үстіне олар шапан,қамзол ,аяқтарына мәсі киеді, -Ал,әйелдер не киеді? -Әйелдер бастарына кимешек,жаулық, шәлі киеді,ал ұзататын қыздарға сәукеле кигізеді үстеріне кәжекей,қамзол киеді, -Әжетай, Сізге көп рахмет! Ертеңгі баяндамама дұрыстап дайындалайын! Такой пойдет?
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
-Әжетай, бізге сабақта "'Қазақтың ұлттық киімдері"' туралы баяндама жасауды берді,мен ешқандай мәлімет табалмадым.
-Қызым-ау ер адамның бас киіміне айыр қалпақ,тақия,бөрік жатады,ал үстіне олар шапан,қамзол ,аяқтарына мәсі киеді,
-Ал,әйелдер не киеді?
-Әйелдер бастарына кимешек,жаулық, шәлі киеді,ал ұзататын қыздарға сәукеле кигізеді үстеріне кәжекей,қамзол киеді,
-Әжетай, Сізге көп рахмет! Ертеңгі баяндамама дұрыстап дайындалайын!
Такой пойдет?