«Қамбар батыр» эпосы да қазақ халқына көптен мәлім, мейлінше кең тараған. Қазақстанның қай түпкірінде болсын, ел сүйсіне тыңдап, сүйіп оқитын шығармасының бірі. «Қамбар батыр» туралы аңыз ел аузынан жазылып, алғашқы рет 1865 ж. басылады. Бұдан кейін 1868 ж. «Қисса Қамбар», 1903 ж. «Тоқсан үйлі тобыр» деген аттармен Қазанда басылып, ең толығырақ түрі «Қамбар батыр» деген атпен 1922 ж. Ташкентте шығады. «Қамбар батырдың» бұл вариантын баспаға даярлаған А.Диваев. Бізше, Диваев варианты тек толығы ғана емес, ең көркемі, ең жақсы варианты. Диваевтың 1922 жылы бастырған «Қамбар батырын» Сәкен Сейфуллин (1933 ж.), Сәбит Мұқанов (1939 ж.) жолдастар шығарған батырлар жинағында өзгертілмей, қайта басылды. Ең соңғы рет басылуы - 1957 ж. Мұнда «Тоқсан үйлі тобыр», «Қамбар батыр» екі вариант қатар берілген. Бұл ба амбардың» басылу тарихы, версия, варианттары жайлы ақпар, мәліметтер болғандықтан, ол жағына біз тоқталмайық. Бізде күні бүгінге дейін дұрыс көңіл аударылып, анықталмай келген бір мәселе - «Қамбар батыр» эпосын қазақ халқы тарихындағы қай дәуір, қай кезеңге жанастыруымызға болады деген мәселе. Бұл айтуға оңай болса да, дәлелдей қою қиын. Әйтсе де шығарманың мазмұны суреттелетін оқиға, тартыстарға сүйене отырып, кейбір топшылаулар жасауға болмайды емес.
Берілген етістіктерді нақ осы шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы келер шаққа айналдырып, сөйлем құрастыру.
нақ осы шақ - өндіріп жатыр; жедел өткен шақ - өндірді; ауыспалы келер шақ - болашақта өндіреді.
нақ осы шақ - тасымалдап жатыр; жедел өткен шақ - тасымалдады; ауыспалы келер шақ - болашақта тасымалдайды.
нақ осы шақ - жұмыс істеп жатыр; жедел өткен шақ - жұмыс істеді; ауыспалы келер шақ - болашақта жұмыс істейді.
нақ осы шақ - бағаланып жатыр; жедел өткен шақ - бағаланды ; ауыспалы келер шақ - болашақта бағаланады.
нақ осы шақ - таралып жатыр; жедел өткен шақ - таралды; ауыспалы келер шақ - болашақта таралады.
нақ осы шақ - қосылып жатыр; жедел өткен шақ - қосылды; ауыспалы келер шақ - болашақта қосылады.
нақ осы шақ - жеткізіп отыр; жедел өткен шақ -жеткізді; ауыспалы келер шақ - болашақта жеткізеді.
нақ осы шақ - біріктіріп отыр; жедел өткен шақ - біріктірді; ауыспалы келер шақ - болашақта біріктіреді.
нақ осы шақ -туғызып отыр; жедел өткен шақ - туғызды; ауыспалы келер шақ - болашақта туғызады.
Қаламыздағы салынып жатқан кен орны болашақта тәулігіне бірнеше тонна көмір өндіреді.
Ұлы Жібек жолы арқылы мемлекеттер арасында түрлі тауарлар тасымалданды.
Ағам Алматыдағы оқуын бітірген соң, кеден қызметінде жұмыс істейді.
Абай атамыздың қалдырып кеткен мұрасы әлі күнге дейін жоғары бағаланып жатыр.
Интернет желісі еліміздің шалғай ауылдарына да таралып жатыр.
Қазірде мектеп компьютерлерінің барлығы ғаламторға қосылды.
ҚазПошта бүгінде әлемнің түкпір - түкпірінен адамдарға жөнелтулер жеткізіп жатыр.
Атамыз бен әжеміз үлкен әулеттің басын қара шаңырақта біріктіріп отыр.
Бұл мәселе көптеген келеңсіздіктер туғызды.