Ала мысық әрі-бері зу-зу етіп өте шығады.Ол тайғанап қиран етіп қайта құлады.Сол кезде тура алдынан бұрқ еткен шаң шықты.Ауыл шетінен мылтық атылғандай шаңқ еткен оқыс үн қатты естілген еді.Терезе маңынан торғайдың шыр-шыр еткен дыбысы естіледі.Есік алдында жатқан сұр жылан тілін сумаңдатып,ыс-ыс етеді.Әкем сабырлы оймен әңгімемді тыңдап болып,мырс етіп бір күлді.Арман күтпеген қатты дыбысқа селк етті де қалды.Менің ебедейсіз іс-әрекетіме інім сылқ-сылқ күлді.Аппақ қардың әр түрлі жұлдыздары жалт-жұлт етеді емес пе?