Составить 5 вопросительных предложений по тексту. Қара шаңырақ
Қазақ үшін кенже бала шаңырақ иесі. Басында балалары өз алдына отау үй тіккенде, әрқайсысы қара шаңырақтан енші алады. Әкем марқұм ұзақ сапарға жолаушылап шыққанда, жүз шақырым жердегі қалада тұратын Кәрім дейтін немере інісінің үйінен міндетті түрде дәм тататын.
Бірде менің «неге?» деген сұрағыма әкем: «Қара шаңырақ осы үйде» деді. Кейін білсем, әкем ғана емес, жақын туыстардың барлығы да сол үйді аттап өткен емес. Өйткені Кәрім ағаның бесінші атасы Наурызбай бабамыздың кенжесі көрінеді. Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарында да, тіпті аталарымыз бен әкелеріміз осы үйден дәм ауыз тиіп, майданға аттанған екен.
Қара шаңырақтың амандығына не жетсін!
Мысалы, Ащысу – Қарағанды облысының Бұқар жырау, Павлодар облысының Баянауыл аудандары арқылы ағатын өзен.
Айыр мен Желтаудағы бұлақтардан басталып, Жаркөл көліне құяды. Ірі салалары – Жыландыбұлақ, Қорған, Айрық, Қарасу және Күртіөзек. Аңғарының ені 7,5 км. Қар, жер асты суларымен толығады. Жазда тартылып қарасу тізбектеріне айналады. Теңдік ауылы тұсында жылдық су ағымы 0,44 м3/с. Қараша – сәуір айларында суы қатады. Суы мол кезде тұщы, сабасына түскенде ащы келеді. Мал суаруға пайдаланылады. Ол адамға өте пайдалы. Себебі, емдік су деуге де болады
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)