В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Gutlock
Gutlock
27.08.2021 20:07 •  Қазақ тiлi

Составить диалог на тему мы будущее суверенного государства​

Показать ответ
Ответ:
roman81rudi
roman81rudi
24.10.2020 05:41
1. аштық ас талғатпайды. (голод еду не выбирает) . 2. ас – ң арқауы. (еда человеку силу даёт) . 3. өзi тойса да көзi тоймайды. (сам наелся, да глаза не насытились) . 4. сыйлап берген су да тәттi. (поданная с уважением и вода сладкая) . 5. тату үйдiң тамағы тәттi. (в дружном доме вся еда вкусная) . 6. адатықтан ұдкен ат жоқ, наннан ұлкен ас жоқ. (самое святое имя – человек, самая святая пища – хлеб) . 7. қарны ашқанға қара нан да май татыр, шөлдегенге қара су да татыр. (голодному – черный хлеб покажется маслом, жаждущему – сырая вода покажется мёдом) . 8. дастарқанда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ. (стол без хлеба смотрится бедно).
0,0(0 оценок)
Ответ:
Howcould
Howcould
15.10.2021 20:48
Сұлтанмахмұт торайғыров (1893-1920) шығармашылық мұрасы xx ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, қазақ, жеріндегі өзгерістерге өзінің азаматтық, ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының бірі – сұлтанмахмұт торайғыров болды. ақын өмір сүрген тарихи кезең патшалық ресей жеріндегі алапат сілкіністер мен төңкерістер заманы еді. сол себепті де сұлтанмахмұттың ойсанасы ерте оянды. жасынан жетімдік пен жоқшылықтың қиындығын көп көрген ол айналасына сергек қарады. алдына биік-биік мақсаттар қойды. соған жетуді ойлады. ілгері ұмтылды. оқуға, білуге құштар болды. мақсатын, жүрек қалауын қашанда ашық айтты: шындықтың ауылын іздеп түстім жолға, разымын, не көрсем де осы жолда. шаршармын, адасармын, шалдығармын, бірақ бір табамын деп көңілім сонда, – деп өзі айтқандай, ақынның барлық саналы өмірі шындыққа, әділетті заманына жетсем, жақсылықты көрсем, халқыма осы жолда қызмет етсем деген ізгі арманның жетегінде өтті. сол жолда өзінің қиналатынын, шаршайтынын, адасатынын сезсе де, қайраткер ақын оның бәріне көнуге өзіне-өзі серт береді. қамшының сабындай қысқа ғұмырында осындай жігермен алға ұмтылған ол туған халқының тарихындағы от жүректі ақын әрі қоғам қайраткері, ұлтын шексіз сүйген азамат дәрежесіне көтерілді. өмір жолы. сұлтанмахмұт торайғыров 1893 жылы 29 қазанда қазіргі ақмола облысының қызылту ауданында туады. екі жасында анасы өліп, әжесінің тәрбиесінде болған оның қ, жастық шағы баянауыл өңірінде өтеді. кедейлігінен "шоқпыт" атанған әкесі әбубәкір ақ көңіл, жомарт әрі айтқанынан қайтпайтын қайсар да қайратты болады. сұлтанмахмұт алты жасында әкесінен оқып, хат таниды. бұдан кейін де шоқпыт бірде өзі оқытып, енді бірде ауыл молдаларына беріп, ң оқуын үзбейді. болашақ ақын 1902-1903 жылдары – әлі, 1904-1905 жылдары – тортай, 1906-1907 жылдары мұқан деген молдалардан дәріс алады. сұлтанмахмұт үшін әсіресе мұқан молданың тәрбиесі ерекше болады. мұқан молда көп оқыған, әдебиеттен хабары бар, өзі де аздап өлең жазатын болады. оқушыларын үнемі қазақ ауыз әдебетінің, шығыс әдебиетінің үлгілерімен таныстыра отырып, шәкірттерін өлең жазуға баулады. сұлтанмахмұттың он үш жасында жазылған "секілді өмір қысқа, жарты тұтам" – деп аталатын алғашқы өлеңі, міне, осы мұқан молданың ықпалымен туған еді. секілді өмір қысқа, жарты тұтам, надандар деп ойлап жүр өмірді ұтам. аз өмірді ақындық жолға бердім, лепес қып түкірген соң молда мұқан, – деп жазады бұл өлеңінде болашақ ақын. 1908-1910 жылдары сұлтанмахмұт баянауылдағы медреседе оқиды. 1911 жылы троицк қаласынан көрші ауылға келіп, молдалық құрған нұрғалидан дәріс алады. нұрғалидың көмегімен бұл кезде ол қазақ, татар тілінде шыққан кітаптарды, газет-журналдарды көп оқиды. өлең, әңгіме жазуға ден қояды. білімі толысып, өнерге құштарланған сұлтанмахмұт қаламынан бұл кезеңде "дін", "сарыбас", "соқыр сопы", "кезек қашан келеді", "оқу" атты бірқатар өлеңдер мен "зарландым" деген әңгіме туады. оларда талапкер ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, өнер мен білімнің пайдасы, байлық пен кедейлік, т.б. туралы толғанады. 1912 жылдың күзінде сұлтанмахмұт оқу іздеп троицк қаласына барып, осындағы медресеге түседі. қуанышында шек болмайды. көңілін шабыт кернеп, "оқудағы мақсат не? ", "анау-мынау", "қандай? ", "зарлау" тәрізді бірқатар өлеңдерін жазады. әйтсе де бұл медреседе көп оқи алмайды. қыс өте науқастанып, амалсыздан троицк маңындағы қазақ ауылдарына барып, оқытады. өзі де көп оқиды, өлеңдер жазады. осында жүріп "ауырмай есімнен жаңылғаным" – деген белгілі әңгімесін жазады. шабыты толысқан ол әр түрлі жанрда көптеген шығармаларын жазады. атап айтқанда, "қамар сұлу" романы, "өлең және айтушылары", "қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "қазақ ішінде оқу, оқыту жайы қалай? " деген тәрізді мақалалары, бірсыпыра өлеңдері осы "айқап" редакциясында қызмет істеп жүрген уакытында дүниеге келеді. осында жүріп "тентектің жинаған шоқпары", "тамшы" атты жинақтарын әзірлейді. өкінішке орай, бұл кітаптары жоғалып кетеді. 1914 жылдың жазында ауылда біраз болып, қаржы жинап, үлкен қалалардағы оқуға бармақ ниетпен сұлтанмахмұт баянауылға келеді. ел ішінде оқытады, жастар арасында оқуға, мәдениетке шақыратын насихаттық жұмыстар жүргізеді. "шоң" деп аталатын мәдени-ағарту ұйымын құрады. күзде орысша оқу мақсатымен семейге барады. бірақ оқуға іліне алмайды, қаржысы таусылады. көп қиындық көреді. ақырында шығыс қазақстандағы қатонқарағай деген жерге барып, екі жылдай осы аймақта оқытады. арасында өзі де орысша оқиды. бірқатар өлеңдерін, "кім жазықты? " – деп аталатын өлеңмен жазылған романын жазады. 1916 жылдың күзінде томскіге барып, курсқа ілігеді. әдебиет, тарих, философия кітаптарын көп оқиды. қиындықтарға кездеседі, жоқшылық көреді. ресей патшасы тақтан құлаған 1917 жылдың көктемінде сұлтанмахмұт семей қаласына келеді. қазақтың оқыған азаматтарымен танысады, араласады, қызметке кіреді. алаш қозғалысына белсене ат салысады.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота