Ал жақсы, бауырым, бәрін түсіндім, әзірше ештеңе айта алмаймын, жауабын ертең айтармын, әзірге сау болып тұр. Досым, көріскенше! Анашым, осымен хатымды аяқтаймын, көріскенше күн жақсы болсын! Балам, жолың болсын, сәт сапар! Қадірлі ұстаз, сапарыңыз сәтті болсын! Әкешім, аман барып, сау қайтыңыз! Ал, көршілер, талай жыл дәмдес болдық, ағайындай болып кеттік, енді басқа елге көшіп бара жатырсыңдар, қош, қош-қош, қайыр қош дейміз өздеріңе. Көштерің оң болсын, ақ жол болсын, амандық болсын. Кетіп бара жатырсың ба, жол болсын!
Фантастика - ең ескі жанр. Қазақ ертегілерінің ғажайып кейіпкерлері: таусоғар, желаяқ, саққұлақ, жалғыз көзді дәу, жалмауыз кемпірлер - өз заманындағы фантастикалық бейнелер. Аталмыш жанрдың түп атасы - ауыз әдебиеті. Ал біздің заманымыздың еншісі - ғылыми фантастика
Қазақ фантастикасы дегенде - жазушы-фантаст әрі ірі ғалым Ақжан Машани атамыздың «Жер астына саяхат» атты ғылыми-фантастикалық кітабы алдымен аузымызға оралады. 1957 жылы жарық көрген осы кітап қазақ ғылыми фантастикасына жол ашты деуге болады
Өткен ғасырдың 60-70 жылдары фантаст-жазушылар Шәмшідин Әбдіраман, Шоқан Әлімбаев, Талап Сұлтанбеков, Раушанбек Бектібаев, Жүніс Сахиев, Медеу Сәрсеке, Абдулхамит Марқабаев, Төлеу Шаханов, Төлеш Сүлейменовтердің осы жанрда елеулі туындылар бергенін көреміз.
Фантастикалық шығарманың ерекшелігі