В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Marinet1806
Marinet1806
31.03.2020 13:02 •  Қазақ тiлi

Составить эссе 90 слов про любимого казахского актера на казахском языке

Показать ответ
Ответ:
Sashka6068
Sashka6068
09.10.2020 13:44
Әлемге танымал актер, Азия елінен шыққан ең танымал адамдардың қатарына кіретін атақты актер Джеки Чан көпшілікке беймәлім деректерімен бөлісті.

Талантты адамдардың құлағы, көзі, ақыл-ой түйсігі өзінен бірнеше жыл бұрын туады деген рас-ау. Джекиді анасы 12 айдан кейін толғатыпты деген сөз бар. Тіпті, ішін жарып алған көрінеді. Туылғанда 5 келі, 400 грамм шыққаны да содан, деп жазады el.kz.

Джеки Чанның шын есімі – Чан Кон Сан. Әкесі қытай жансызы болғандықтан, бүкіл әулетінің атын ауыстырған көрінеді. Джеки Чанды туылған заматта ата-анасы әлдебір асыраушыларға өткізіп (дұрысы отбасына қауіп төнген соң сатып жібере жаздаған) жібермек болған.

Осы туралы актер "Егер мені сатып жібергенде, Ұлыбританияда өсіп жетілер едім, тілім ағылшынша шығып, қытай тілін мүлдем білмес те едім", - деп әңгімелейді.

Бала күндегі оған жұрттың қойған аты – "Үлкен мұрын" болған. Бір кездері осылай атағаны үшін мұғалімінің тұмсығын бұзып, сол оқиғадан кейін ешкім оны "Үлкен мұрын" деп келеке етпейтін болған.

Джеки Чанның ұлты қытай болғанмен, ол сауатты жазып, кітапқа қатты қызықпайды. Оның сөрелерінде де кітаптар мүлдем жоқтың қасы.

Джеки Чан Гиннестің рекордтар кітабына төрт мәрте енген. Азияда мұндай жетістікке жеткен әзірге ешкім жоқ. Осы уақытқа дейін Джеки Чан 117 фильмге түсіп үлгеріпті. Қаншама жарақат алып, денесі де көп зақымданған. Тіпті, кино түсірілімі барысында оны қорғайтын да, алмастыратын да адам жоқ екен. Қысқасы, ол теңдессіз актер саналады.

Джеки Чан жаттығуға күніне 3 сағатын арнайды екен. 8 шақырым жүгіреді. Балық еті мен көкеністі жегенді ұнатады, етті мейлінше жемеуге тырысады екен.Себебі, қытайлық актер ет жеген күннің ертесіне тағы 20 минут артық жүгіруіне тура келеді.

Оның киноға түсудегі арнайы талаптары бар екен. Үнемі қаһарман рөлін ойнауы керек, сондай-ақ оның көмегіне мұқтаж бала, әйел, қарт адамдар болуы қажет екен.Қаһарман болғанына қарамастан, табиғатынан қашпай, шағын денелі, күлкілі болғанды жөн санайды.

1985 жылы түсірілген "Бір полицейдің бастан кешкені" атты фильмнің түсіріліміне шақырылған каскадерлер жарақат алып, одан кейін мүлдем Джеки Чанмен жұмыс істемейміз деп ұйғарыпты. Қазір Джекимен жұмыс істейтін небәрі 16 каскадер бар.

Джеки өте жанкешті адам. Әлдебір трюктерді жасар алдында жүрегінде қорқыныш ұяласа да, режиссер "Мотор!" деп белгі берген кезде барлығын да ұмытып кетеді екен. Егер трюк сәтті шықса, қуанғаннан ән айтып, би билейді екен.

Джеки күніне небәрі 4-5 сағат қана ұйықтайды. Джеки Чан 80 фильмде актер, 11 фильмде каскадер, 15 фильмде режиссер ретінде қызмет атқарса, ал 11 фильмге продюсерлік еткен.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота