Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең. Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық.
Қыс айлары суық болады.Айнала аппақ қалың қар жатады.Қыс мезгілінде қыстап қалатын құстарға азық табу қиын. Қыста азық табу қиын болғандықтан ,олар адамға жақын жүреді.Қыстап қалатын құстар-торғай,көгершін,қарға ,сауысқан ,сары шымшық,тоқылдақ. Сауысқан ,қарға кез келген тамақты көрек ететін құстар.Олар қардың астынан қазып түрлі тамақ қалдықтармен көректенебереді.Тоқылдақ ағаштың арасындағы бунақденелілерді тауып көректенеді,Ал қар бетіне түскен оның қалдықтарын торғайлар ,сары шымшықтар теріп жейді.Көгершіндер адамаға аса жақын жүреді. Балалар құстарға жем береді,нанның қалдықтарын береді.Құстардың табиғатқа пайдасы зор.Олар ағаштарды ,егінді зиянды құрттардан қорғайды.Сондықтан балалар құстарды қорғап қамқорлап жүреді.