составить предложение правильно (Через - это слова с которыми надо как либо соеденить по смыслу) Ең алғашқы жазулар араб таңбасын қолданған
Вавилон заманындағы жазулар Олжас Сүлейменов зерттеді
Орта ғасырдағы түркілер құлпытасқа қашалған Шумер жазулары туралы көне жазбалар туралы еңбек «АзиЯ» жартасқа жазылған
Менің алтын балыққа айтар тілектерім тым қарапайым болар еді.
Бірінші тілегім: Өмірде қыз баланың ең маңызды міндеті – тұрмыс құрып, ана болу.
Екінші тілегім: Құрған шаңырағымның керегесін кеңейту, үлгілі отбасы болу.
Үшінші тілегім: Ата-анамды қадірлеп, аялай білсем деймін. Әке-шешемнің ата-әже атанып, немересінің қызығына тоймай отырғанын көргім келеді. Сондай-ақ, туған-туыс, бауырларыма да көмектескім келеді.
Жұмысымның алға басып, алдағы уақытта диссертация қорғап, шәкірт тәрбиелеуді де армандаймын. Адамның арман-тілегі көп қой! Оның бәрін айта берсем, менің ұстап алған алтын балығым «мына қыздың тілегі таусылмайды екен» деп қашып кетер.
ответ:Егер мен саяхатшы болсам өзіме әлем мемлекеттерінің астаналарын бір жыл ішінде аралап шығу керек деген мақсат қояр едім. Ол қалаларды тек қана аралап шығып, тамашалау емес, өз еліммен салыстыра отырып әр жүрген жерімде Қазақстан туралы жар сала айтып жүргім келеді. Саяхатшы болу – менің ойымша, ең қауіпті,алайда қызыққа толы сәттері де бар. Саяхатшы болу көптеген жан- жақты білім мен білгірлікті қажет етеді. Баратын ел жайлы мағлұмат жинап, сол елдің мәдениеті мен тілі жағынан біраз болса да хабардар болу керек. Саяхатшылар өз сапары кезінде тек қана барған жерін көріп, тамашалауды мақсат етпей, өзіне мағлұмат жинап, тіпті жаңалықтар да ашып жатады. Осы көптеген саяхатшылар ішінен мен қандай болғым келеді?
Қазіргі әлемдік санақ бойынша әлемде барлығы екі жүз елу бір ел бар. Бір жылдың ішінде әр бір жарым күн ішінде бір елге барып отырсам, бір жылдың ішінде әлемнің барлық елдерінің астаналарында болуға мүмкіндігім бар екен. Бір жыл, қазіргі менің оқушы ретіндегі мектептегі өмірімде біршама уақыт. Алайда бұл уақыт егер мен саяхатшы болсам, “бір жыл- екі жүз елу бір астана” атты арманыма дәлме- дәл келеді екен.
Егер де мен саяхатшы болсам, танымал саяхатшылар - Джеймс Кук, Христофор Колумб, Америго Веспуччи сынды жаңалықтар ашқым келеді. Жердің әлі қаншама зерттелмеген, адам аяғы баспаған қызықты жерлері бар. Ит тұмсығы кірмес, адам аяғы баспаған, кірсе атан түйе адасар ну ормандарды көріп, табиғатымен танысқым келеді. Жаңалықтар ашып, білер қоржынымды толтырып, сол білгендерімді кейін еліме қайта оралғанда адамдармен бөліскім келеді.
Егер мен саяхатшы болсам, әр бір жүріп өткен елді-мекендерде, өз елім жайлы, Қазақстан жері туралы ақпарат таратып, мүлдем бейхабар жандарға паш етіп, олардың біздің елге деген қызығушылығын оятып, саяхаттап келуіне бірден-бір себепкер болғым келеді. Халқымыздың салт-дәстүрлерін айтып, ұлттық тағамдарымызды әзірлеп, өзім білетін әңгіме,жыр- дастандарыммен бөліскім келеді.Еліміздің бастан өткерген тарихи оқиғаларын айтып, хабардар еткім келеді.
Егер мен саяхатшы болсам, ең басты алға қояр мақсатым мен арманым-барған елдердегі мұқтаж жандарға қол ұшын беру. Әрине барған жерлердегі барлық адамдарға көмектесу мүмкін емес, бірақ бүкіл саяхат жасау барысында тым болмаса бір жанға көмек беру, материялдық жақтан болмаса да рухани жақтан қолдау көрсету мен үшін үлкен жетістік және бақыт. Бейтаныс басқа елден келген адамға ашылып, ішкі сырды айту таныс және ортақ таныстарға айтқаннан гөрі сенімдірек және мол тәжірибе береді деген ойдамын.
Егер де мен саяхатшы болсам, өз отбасыма, ата-анама көптеген кәде сыйлар алып келгім келеді.Анаммен бірнеше елдерді аралап, анамның да саяхатшылық жолын бастағанын қалар едім. Ата-анам мен үшін өздерінің көптеген мүмкіншіліктерін құрбан етіп, барынша қолдау көрсетіп келеді, мен де олардың жасаған жақсылығын өтегім келеді. Қайсыбір жан өз атана-анасымен саяхат жасағысы келмейді? Ата-анаммен теңізге саяхат жасап, кейін саяхатшылар отбасы атанғым келеді.
Объяснение: