Шілдехана шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы адам өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. Сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. Одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар Шілдеханаға жиналады да “бауы берік болсын” деп тілек айтып, шашу шашып келеді. Шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап, “күзету” деген сенімге саяды. Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау дегеннен туындаған. “Шіллә” (“чілле”) парсы “қырық” деген мағына береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен (қ. Қырқынан шығару). Әсіресе, жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күні бойы шам жағылып, “күзетілген”. Кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған.
Интернет -бұл ғаламдық тор.Интернеттің пайдасы да бар , зияны да бар.Интернеттің пайдасы көп.Интернеттен оқушылар , студенттер шығарма , мақал-мәтелдер алады.Интернет арқылы жұмыс істеп ,сол арқылы ақша табуға болады.Интернет арқылы достарыңмен , туыстарыңмен хат алысып сөйлесуге болады.Интернеттен тест тапсырып ,сабақ алуға болады.Интернеттің пайдасы зор.Ал енді интернеттің зияны да бар.Біріншіден интернет денсаулыққа зиян келтіреді.Компьютердің алдында көп отырса ,ол адамның көзіне зиян келтіреді.Комьютердің алдында көп отырса ол адамның қимыл-қозғалысына ,психологиясына әсер етеді.Сондықтан интернетте көп отыруға болмайды .