Менің өз замандастарыма көзқарасым, қатынасым қандай, олар маған ұнайды ма, жоқпа- деген сұраққа біржақты жауап бере алмаймын. Бір жағынан мен өз замандастарымды ұната қоймаймын, екінші жағынан құрметтеймін. Ұнатпайтыным- алдыңғы буындағыларға қарағанда жан байлығы аздау сияқты, ұнататыным- олар жаңа технологияларға тез үйренеді, күрделі ақпараттарды тез қабылдайды. Қазіргі ұрпақтарды алдыңғылармен салыстыра отырып, қазір байлар мен кедейлерге бөліну қатты білініп тұр деуге болады, бұл жаман. Қарама қарсы топтағы екі адам бір-бірін түсінбейді, олар тек өте қажет жағдайда ғана араласуы мүмкін. Менің көзқарасымда менің замандастарыма тәрбие жетіспейтін сияқты. Олар көпшілік жағдайда өздерін ешқандай кедергілер мен шектеулер жоқтай ұстайды. Көпшілік -қазіргі жастар қайырымсыз деп есептейді. Бұны мен былай түсіндіремін, қазір бәрі интернетке кіре алады, ал интернет кейде адамның психикасын бұзады. Ертеде адамдар бұндай ақпараттан қорғалған еді. Қатыгездіктің тағы бір түсініктемесі- киноэкрандарда, жалпы ақпарат құралдарында, компьютерлік ойындарда: қатыгездік бір шектен шығушылық емес, күнделікті қалыпты әдетке айналуда. Мен барлық ұрпаққа бірдей мінездеме беру дұрыс емес деп ойлаймын, әр адам өзінше ерекше. Біз ұрпақ туралы жалпы айтқанда әр түрлі адамдарды қосып жібереміз, мейірімділер мен қатыгездерді, салмақтылармен жеңіл ойдағыларды, ақылдылармен онша ақылды еместерді. Адамзат мыңдаған жылдардан бері өсіп, дамып келеді және барлық заманда ұқсас сынақтардан өтеді, сонда да әркезде бір тырманы басады. Сатқындық, жалқаулық, махаббат-бұның бәрі жаңалық емес. Айырмашылық тек қоршаған жағдайда. Жағдай өзгерсе- адамдар қарым-қатынасы өзгереді. Мысалы: біздің ғасыр, жоғарғы технологиялар ғасыры, адамдар қатынасына көп өзгеріс енгізді: біз бір-бірімізге қонаққа аз барамыз, балалармен жасөспірімдер аулада ойнамайды. Осының нәтижесінде, бір-бірімізбен қатынасымыз бізден бұрынғылардан өзгеше.
Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды. Егін шаруашылығы елдің оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды. Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау баурайларындағы жерлерде ғана шұғылданды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты. IX-XII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды. Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған. Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір, не шойын ұштары бар, жер жыртатын құралдармен (омаш) өңделіп, егін темір орақпен орылған. Дәнді ұнтақтау үшін тас диірмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шарушылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелен, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су каналы арқылы қаланың айналысындағы бау-бақшалар суғарылған.
Ұнатпайтыным- алдыңғы буындағыларға қарағанда жан байлығы аздау сияқты, ұнататыным- олар жаңа технологияларға тез үйренеді, күрделі ақпараттарды тез қабылдайды.
Қазіргі ұрпақтарды алдыңғылармен салыстыра отырып, қазір байлар
мен кедейлерге бөліну қатты білініп тұр деуге болады, бұл жаман.
Қарама қарсы топтағы екі адам бір-бірін түсінбейді, олар тек өте қажет жағдайда ғана араласуы мүмкін.
Менің көзқарасымда менің замандастарыма тәрбие жетіспейтін сияқты. Олар көпшілік жағдайда өздерін ешқандай кедергілер мен шектеулер жоқтай ұстайды.
Көпшілік -қазіргі жастар қайырымсыз деп есептейді. Бұны мен былай түсіндіремін, қазір бәрі интернетке кіре алады, ал интернет кейде адамның психикасын бұзады. Ертеде адамдар бұндай ақпараттан қорғалған еді. Қатыгездіктің тағы бір түсініктемесі- киноэкрандарда, жалпы ақпарат құралдарында, компьютерлік ойындарда: қатыгездік бір шектен шығушылық емес, күнделікті қалыпты әдетке айналуда.
Мен барлық ұрпаққа бірдей мінездеме беру дұрыс емес деп ойлаймын, әр адам өзінше ерекше.
Біз ұрпақ туралы жалпы айтқанда әр түрлі адамдарды қосып жібереміз, мейірімділер мен қатыгездерді, салмақтылармен жеңіл ойдағыларды, ақылдылармен онша ақылды еместерді.
Адамзат мыңдаған жылдардан бері өсіп, дамып келеді және барлық заманда ұқсас сынақтардан өтеді, сонда да әркезде бір тырманы басады. Сатқындық, жалқаулық, махаббат-бұның бәрі жаңалық емес. Айырмашылық тек қоршаған жағдайда. Жағдай өзгерсе- адамдар қарым-қатынасы өзгереді. Мысалы: біздің ғасыр, жоғарғы технологиялар ғасыры, адамдар қатынасына көп өзгеріс енгізді: біз бір-бірімізге қонаққа аз барамыз, балалармен жасөспірімдер аулада ойнамайды. Осының нәтижесінде, бір-бірімізбен қатынасымыз бізден бұрынғылардан өзгеше.