Составите диолог по тексту только за правильный ответ) •Қазақстандағы ЭКСПО көрмесінің басты тақырыбы - «Болашақ энергиясы». Бүгінде а энергия көздерін дамыту мәселесіне ерекше алаңдаулы. Адамдар күн энергиясын толығымен пайдаланған кезде, бізге басқа энергия көзі қажет болмауы мүмкін. Күн - таусылмас қуат. Күн энергиясы адамзатқа толықтай қызмет еткен сәттен бастап көмірге, газға және ядролық энергияға деген қажеттілік өздігінен жойылады. Өкінішке орай, бүгінде Франция атом электр станцияларының энергияны ең көп тұтынушысы болып табылады. Біз, Невада-Семей қозғалысы, Қазақстанда атом электр станциясының салынуына қарсымыз. Әрине, атом энергетикасы - бұл ең арзан энергия көзі. Оның үстіне, Қазақстан уран өндіруден әлемде жетекші орынға ие. Бірақ атом электр станциясының құрылысы болашақ ұрпақ үшін қауіпті. Сондықтан Қазақстан «Болашақ энергиясы» көрмесін өткізіп, а толғандыратын өзекті мәселені көтеріп отыр.
Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.
Ел “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен кезеңде Қазыбек би өзге де билермен бірге Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың, Барақ, Батыр, Абылай сұлтандардың арасын жарастыруға күш салды, оларды өзара ынтымаққа шақырды. Орыс патшасымен достық қарым-қатынас орнатуды жақтады. Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда Қазыбек би Абылайды құтқару үшін қолдан келген барлық дипломаттық айла-әрекеттерін жасаған. Би 1762 ж. Абылай сұлтанға Қытай боғдыханынан іргені аулақ салуға кеңес берген. Қазыбек мемлекет істерімен қатар руаралық, сұлтандар арасындағы кикілжің тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. Орыс патшасының өктемдігіне қарсы 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің басшысы Қарасақалдың Қабанбай батырға бармас бұрын Қазыбек биге келіп паналағаны белгілі. Ал Барақ сұлтан қысастықпен 1748 ж. 24 тамызда Кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтіргенде, мұны ел бірлігіне іріткі салатын қылмыс деп бағалаған.