Составьте 5 вопросов по тексту Хан-Эль-Халили — Африка құрлығындағы ең үлкен базар. Көне көшелер бойын жағалай созылған сауда қатарлары, сөрелерге сықита толтырылған дәстүрлі-тарихи бұйымдар, ығы-жығы халық — бәрі де
Каирдің бүгінгі әрі жүз жыл бұрынғы көрінісі. Ғасырлар тезі мен жан-жақтан қаумалаған өркениет элементтері жергілікті жердің атмосферасына еш әсер ете алмағандай. Дәстүрлі мысырлық кәдесыйлар алғыңыз келсе, осы базардан артық жер таппайсыз. Папирус қағазы орамасы дейсіз бе, шыныдан жасалған қолөнер бұйымдары дейсіз бе, ежелгі перғауындардың сүйіктісі болған хош иісті эфир майлары мен ағаштан ойылған мүсіндер..
Алғашқы редакторы көрнекті қазақ ақыны Мұзафар Әлімбаев. Жауапты хатшысы Ә.Дүйсенбаев, бөлім меңгерушілері Б.Соқпақбаев пен Қ.Мырзалиевтар сүбелі үлес қосты. Қазір "Балдырған" журналын көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиев басқарады.
Журнал беттерінде А.Жаманбалаев, Н.Сералин, Қ.Ыдырысов, С.Қалиев, Қ.Жұмағалиев, Ш.Смаханұлы, Ж.Әбдірашев, М.Қабанбай, С.Жүнісов, Ф.Оңғарсынова т.б. ақын-жазушылар шығармалары басылып тұрды. Журнал айдарлары: "Бала тілі бал", "Кел, ойнайық", "Жаттап алу оңай", "Жұмбақтар" т.б. 20 ғасырдың 70-жылдары "Балдырған" таралымы 200 мың данаға жетті, қазір 30 мың дана.