Ертеде, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір патша бар екен. Оның жалғыз ұлы болыпты. Ол ұлы ажалы жетіп ауырып өліпті. Жалғыз ұлының күйігінен патша далаға шықпай жатып алыпты. Бұл патшаға бірнеше патша көңіл сұрай барыпты. Сонда да тұрмапты. Патша басқармаған соң елі күйзеліпті. Осы елде жан ашыр адамы жоқ, әке-шеше, аға-іні дегендей туған туысы жоқ үш жетімек бар екен. Бұлар үшеуі ақылдасып «біз патшаның көңілін сұрасақ қайтеді» деген оймен патшаға бармақшы болады. Бұлар халықтарына «біз барып көңіл сұрасақ қайтеді» деп ақылдасады. Халықтары: «Сен үшеуің түгіл сендерден де зорлар барып көңіл айтқан сонда да тұрмаған патша, сендерге тұра ма?» - депті. Әрине ол уақта жетім-жесірді көрсе де көзге ілмейтін уақ қой. Осы күні бұл үшеуі жылап-жылап ауылына қайтады. Тағы бір күні үшеуі ақылдасып, алған бетімен патшаның ордасына бармақшы болып, үйінен шығып, сол бетімен ордаға келеді. Барайын десе алдындағы қарауыл рұқсат етпейді. Осы жерде бұлар тұра береді. Ол қарауылдары барып, патшаға хабар етеді. Бала деген соң «патша қандай жұмысы бар екен, әкел» дейді. Сонымен үшеуі барып отырады. Онан соң патша: «Қош, жұмыстарың не, айт», - дейді. Үшеуінің ішінде біреуі тұрып айтады:
Көктем шықты. Күн жылынып, гүлдер өсе бастады. Жас талдар бүршік жара бастады. Ертелі - кеші тыным таппай Бақыт еңбек етті. Сол кезде Бақыт көше бойына аула ішіне талдар отырғызды. Шыбықтар бүршік жара бастады. Жас шыбықтар бүршік жарған соң, әдемі болып өсетінін Бақыт білді. Бақыттың еңбекқор бала екенін көрініп тұр. Темір осы көшемен өтіп жататын. Темір Бақытқа іштей күліп жүретін. Темір басқа балаларға айтып, оларды да күлдіретін. Ол ойланды: ( Шыбық тамырсыз өсе ме екен ) - деді. Бір күні әкесі екеуі таза ауамен жүргенде, әп - әдемі шыбықтарға көзі түсті. Әкесі: - Балам Бақытқа қарашы, өзіндей бала ғой ! Сенің де қолынан келеді ! - деді әкесі. ( Бақытқа неге қолғанат жасамадым ) деп өкінді.
Ертелі - кеші тыным таппай Бақыт еңбек етті. Сол кезде Бақыт көше бойына аула ішіне талдар отырғызды. Шыбықтар бүршік жара бастады.
Жас шыбықтар бүршік жарған соң, әдемі болып өсетінін Бақыт білді. Бақыттың еңбекқор бала екенін көрініп тұр.
Темір осы көшемен өтіп жататын. Темір Бақытқа іштей күліп жүретін. Темір басқа балаларға айтып, оларды да күлдіретін. Ол ойланды: ( Шыбық тамырсыз өсе ме екен ) - деді.
Бір күні әкесі екеуі таза ауамен жүргенде, әп - әдемі шыбықтарға көзі түсті. Әкесі:
- Балам Бақытқа қарашы, өзіндей бала ғой ! Сенің де қолынан келеді ! - деді әкесі.
( Бақытқа неге қолғанат жасамадым ) деп өкінді.