Составьте диалог по тексту на 1-задании (4вопроса,4ответа) Биологтің көз алдынан кешегі бір ғажайып оқиға тізбектеліп өте
шықты. «Байқоңыр-12» өзіне жүктелген тапсырманы ойдағыдай
орындап, «Тұңғиық» жұлдыздар жүйесінен көтерілді. Орталық
космос стансысының мекен-тұрағына ақпа жұлдыздай заулап келе
жатыр. Экипаж кемедегі жұмыстың бәрін автокосмонавтқа жүктеп,
үш айлық терең ұйқыға кетті.
«Байқоңыр-12» кемесі мылқау тыныштықта космос әлемін тіліп,
үнсіз жүзіп келеді. Ең ақыры әзілқой Кибер де жатып қалған. Кенет
«апат» аппаратының кернейі сарнап қоя берді. «Байқоңыр-12» жүрісін
баяулатып, кібіртіктеп қалыпты. Бұған алдымен Кибер оянды.
Кибер физикалық-механикалық жасанды адам. Маңдайындағы
жалғыз көзден жасыл от шашады. Ол жанұшыра жүгіріп, механик
Осиповты жұлқылады. Бүкіл экипаж аяғынан тік тұрды. Осипов
электрондық миды іске қосты. «Байқоңыр-12» кемесіне міндетті
түрде қону керек...
-
Жырларымменен сезімді саған ақтарғам.
Арманым болған ақ раушан гүлі даламның,
Іздедім сені,іздедім сені бақтардан.
Жетелеп мені биікке қарай тәтті арман,
Қоңыр да дауысың жадымда менің жатталған.
Арманым болған ақ раушан гүлі даламның,
Іздедім сені ататын әрбір ақ таңнан.
Таусылмайды екен арманы сірә,пенденің,
Арманды қуып адасып жүрген пендемін.
Сен сенер болсаң өзіңнен басқа жандарға,
Сырымды ашып сырласуға еш сенбедім.
Қол бұлғап маған бір биік шыңнан,алыстан,
Сен бе едің сонда арман боп маған жабысқан.
Сен бе едің сонда бір тылсым күш боп кеудемнен,
Жыр болып сыртқа шығам деп сірә алысқан.
Жыр болып шықтың кеудемнен, нәзік жүректен,
Сен біле білсең,жүрекке нәзік гүл еккем.
Мәпелеп келем сол гүлді,нәзік сезімді.
Әр көктем сайын бір нәзік сезім үмітпен.
Білмеймін сені,
қай жерде жүрсің,кімдермен?
Білмеймін неге,
қызғанам сені кімдерден?
Үмітті үзбей келетін әрбір күндерден,
Мен жасап алғам сені ақ раушан гүлдерден.