В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Nurbakyt2103
Nurbakyt2103
08.08.2022 18:22 •  Қазақ тiлi

Составьте предложения из этих слов
..

Показать ответ
Ответ:
123GEV
123GEV
28.11.2020 02:04

Қобда, Неба суларын сүйіп өскен,

Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.

Аққу құстың бейне бір баласындай,

Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен.

Әлия - ару қызы сен халқымның,

Әлия - батыр қызы сен халқымның,

Ерке құсы сен даламның!

"Әлия" әнінен

Жаратылысы нәзік гүлдей әйел заты болса да, кез келген ер азаматтың қолынан келе бермейтін ерекше қайсарлық, жігер, көзсіз ерлік бойынан табылған Әлия апамыздың есімі  қазақ халқы үшін қашанда мәртебелі.

Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы, Хобда ауданы, Бұлақ ауылындаСарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15 маусымында дүниеге келген. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болады. Нұрмұхаммед Сарқұловтың қолында ұлы Бағдат пен қызы Әлия қалады. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікеннің қолына беруге мәжбүр болды. Әжесі қазіргі Құрайлы ауылында тұрған, немересін өте жақсы көрген, оған адамгершілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты үйреткен. Әлия нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы өзімен құрдас Сапурамен өсіп, есейеді. Үй-іші Әлияны өте жақсы көрді. Әубәкірдің әйелі Сән қыздарға көп нәрсені үйретіп, оған қыздар үй жұмысында көмектеседі, кішкентай бауырларын тәрбиелеп, бағады. Өз құрдастарына қарағанда, Әлияның мінезі қисық, қатал болған екен.

Әлия Ленинградты шын жүрегімен жақсы көрді. Бұл қала оның екінші отаны болды. Әлияның мұғалімдері, бірге оқыған дос қыздары оны өте ұстамды, терең ойлы, таза, ұқыпты деп естеріне алады. Ол жалқауларды жек көріп, бүкіл балалардың алдында сынап, ұрысатын. 6-7 сыныптарда Әлия староста болған. Үздік оқуы мен үлгілі тәртібі үшін Әлияны Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері Артекке жіберген. Артекте батырлардың тақтасында атақты Батырлар Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзенің қасында Әлия Молдағұлованың да суреті бар. Әлия оқуда өте зерек, талапты, ынталы болып, кітапты көп оқыған.

Соғыс басталған соң, балалар үйімен бірге, Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7 сыныпты бітірісімен, Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942 жылы) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.

1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

19 жасар Әлияны майдандас жолдастары "Шығыс жұлдызы" деп атаған екен.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды.

Қаһарман қыз Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген

0,0(0 оценок)
Ответ:
Vovan10052002
Vovan10052002
06.04.2023 22:57
Наурыз

         Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі;

Наурыз - адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын Шаруа мерекесі;

 Наурыз - әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім мерекесі;

Наурыз – жеті дәмнен Наурызкөже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын Ынтымақ-бірлік мерекесі;

Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота