Ұстаз - ұлы есім» - дейді Мұхтар Әуезов. Иә, расында да, «ұстаз» деген сөздің астарында мән-мағынаның бәрі бар, бәрі де бар: білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік, мейірімділік пен мейірбандық, талапшылдық пен турашылдық... Әрбір баланың тұлға болып қалыптасуына, дүниедегі әрбір мамандық иесінің болашаққа қанаттануына себепкер болатын жанашыр, ізденімпаз адам – ұлы ұстазымыз. Менің ойымша, әр шәкірттің жанына жақын келетін, ең сүйіктісіне айналатын, өмірлік ұстанымдарының жаршысына айналатын ұстазы болады. Менің де сүйікті ұстазым бар. Ол кісінің ғибрат алар әрбір сөзі, кескін-келбеті, бәрі-бәрі мен үшін – үлгі-өнеге. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, ұстазымды ең алғаш рет көріп-білгеннен бастап, ол кісіге деген құрметім, сабаққа деген зейінім артты.
Мен төрт мезгілдің ішінде тек жаз мезгілін қатты жақсы көретін едім. Күз келгенде, жарқырағанның бәрі қуаратындай, жайнағанның бәрі тұманданатындай болып көрінетін. Ал, биылғы күз менің өмірімде айтарлықтай керемет орын алды. Бұл күз мен пір тұтатын бір кісімен қауыштырды. Алғаш «Дарын» мектебіне ауысарда, қабылданғанымда кішкене қорқақтап, қобалжығаным рас. Алайда сынып жетекшіммен алғаш танысу сәтінен бастап, қорқынышым су сепкендей басылды. Керісінше, ол кісінің мейірімге толы жүзі мен мәдениеті мені айрықша баурап алды десем, артық айтқаным емес. Анам қандай қадірлі болса, ұстазым да мен үшін қымбат жанға айналды.
Қазақ әдебиеті сабағы болып жатқан. Үй тапсырмасы бойынша мәнерлеп өлең оқып болғаным сол еді, ұстаз маған бұрылып, өлеңді түсініп жатқа оқығанымды, мәнерімнің өте жақсы екенін, сабақты ылғи бұлжытпай орындайтынымды айтып мақтап ала жөнелді. Кеудемді ерекше қуаныш сезімі билеп, сыныптастарымның арасында өзімді еркін сезіне бастадым. Сол сезім бөлмеме келген соң, өлең жолдарыма айналды.
Қоятұғын бағалап әр «бесіңмен»,
Ажарлы ұстаз, кетпейсің мәңгі есімнен.
Мен сен үшін бір түйір дәндей болсам,
Ал, сен маған диқансың дәнді өсірген.
Қазбалаймын оқудың кенін әр таң,
Өзің берген білімге сенім артам.
Өлең оқып, жыр жазып жүргенім бұл,
Ардақты ұстаз, білемін сенің арқаң!
Содан бері әрбір сабаққа ерекше дайындаламын. Әсіресе, әдебиет пәні қатты ұнайды. Ұстазым мені тек мақтағаны үшін емес, бойымдағы сенімсіздігім мен қорқынышымды сейілтерлік сөзі мені ынталандырып, шабыттандыра түсті.
Мен де келешекте дәл сіз секілді ұстаз болғым келеді, сүйікті ұстазым. Сізге деген ризашылық сезімімді өлеңмен өрнектегім келеді:
ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ ӨНЕРІ Күй – көне замандардан күні бүгінге дейін халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ең киелі де қастерлі, сырлы да сұлу өнер. Ұлт мәдениетінің арғы-бергі тарихын зерттеп, жүйелеп, бүгінгі жас ұрпақтың кәдесіне жарату және оны әлемдік деңгейде насихаттау мақсатында жасалған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” жобасының жүзеге асырылуын ұлттық музыка тарихындағы елеулі оқиға деп бағалаймын. Қазақтың ұлы ақыны Абай: “Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй”, деп жырлағандай, қазақтардың сан буыны Құрманғазы, Дәулеткерей, Байжігіт, Тәттімбет, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, Абыл сияқты халқымыздың асыл өнерін ұстаған ұлы күйшілердің мол мұрасымен сусындап өсті. “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” шеңберінде бағзы замандардан келе жатқан күй атасы Қорқыттан бастап Ықыласқа дейінгі қобызға арналған күйлер мен Сармалай бастаған сыбызғы күйлерінің де сараланып осы жинаққа енгізілуі – жобаның құнын арттыра түсетін соны жаңалық. Еліміздің алуан аймақтарында қалыптасқан Шығыс, Батыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау күй мектептері ғана емес, елімізден тысқары Моңғолия, Қытай қазақтарының күй дәстүрлерінің бір жобада тоғысуын терең тамырлы халқымыздың мәдени бірлігінің айқын айғағы деп бағалаған жөн. Қай замандағы болмасын күй өнеріндегі ортақ сарын – азаттыққа, бостандыққа ұмтылу, ел тәуелсіздігін аңсау. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ күйлері – халқымыздың ғасырлар бойы армандап, бүгінгі ұрпақ жүзеге асырған, тәуелсіздікті жақындатқан ең қастерлі құндылық. Қазақтың Д.Нұрпейісова, Қ.Жантілеуов, Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаев, Т.Момбеков, Г.Асқаров, У.Бекенов, Қ.Ахмедияров, Ә.Есқалиев, А.Үлкенбаева, т.б дәулескер домбырашылар орындауындағы 1000 күй ұлтымыздың ұлы қазынасы ретінде туған халқының жүрегіне жол тартты. Оның бүгінгі және болашақ ұрпақтың рухани азығы мен игілігіне айналатынына және жаңа ізденістерге бастап, алдағы уақыттарда жарасты жалғастығын табатынына кәміл сенемін. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті. БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ Ел өміріндегі елеулі оқиға саналатын, қазақ үшін қабырғалы да қазыналы іс – күні кеше ғана тұсауы кесілген “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” антологиясы дер едім. Ұлттың ұлылығын, жұрттың мықтылығын танытатын рухани құндылықтары, оны мұра етіп қалдырған ой өлшемі биік, қаны да, жаны да таза арыстар екені айдан анық. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен “Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні” жобасы негізінде іске асып отырғанынан хабардармын. Жалпы, күй өнерінің өмірге келген кезеңін тап басып ешкім айта алмаса керек. Тіпті біздің дәуірімізге дейін де алуан түрлі сарындардың болғаны, оны орындаған аспаптардың сақталғаны мәлім. Ал көне ғасырдағы Қорқыт, ХІІ ғасырдағы Кетбұға, ХІV-XV ғасырлардағы Асанқайғы, Қазтуған, XVІ-XVІІ ғасырлардағы Байжігіт, XVІІІ ғасырдағы Абылайхан, XІХ ғасырдың басындағы Құрманғазы, Абыл, т.б. алыптар, олардың ізін қуған дара таланттар тарау-тарау әңгіменің, том-том кітаптың арқауы болары сөзсіз. Болып та жатыр. Осы жауһарларымызға кешегі кеңестік дәуірде көп мән бере қоймадық. Атүсті қарап, өзгенің әніне еліктеп келдік. Сөйтсек, кіммен де болса тереземіз тең түсетін, иықтаса алатын дүниелеріміз жетіп артылады екен. Соның бір парасын кезінде А.Затаевич жинақтап бастырса, Е.Брусиловский опералық шығармаларға тиімді пайдалана білді. Мұның өзі қазақтың ән мен күйін қажетіңе жарата алсаң, қандай шығармамен де ұштасып кететінін, ажарын ашып, айбынын асыратынын аңғаруға болады.

Бағалаған балауса жырымды ұғым,
Ойын айтқан қалдырмай сырын бүгіп.
Жып-жылы сөйлеген сөздерімен,
Жіберетін бойымды жылындырып.
Жайлы тиер құшаққа кеңесімен,
Биіктетіп ойымды мен өсірем.
Жақсылығы жасаған жетіп жатыр,
Кете қоймас, ол сірә, ел есінен.
Объяснение: