В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
tatyanakhmelev
tatyanakhmelev
02.02.2023 16:02 •  Қазақ тiлi

Сойлем курылымына талдау керек тубир журнак отиниш комек беремын! белгиленген жеры


Сойлем курылымына талдау керек тубир журнак отиниш комек беремын! белгиленген жеры

Показать ответ
Ответ:
zhgulevatanya
zhgulevatanya
15.02.2022 21:25

Қалың елім қазағым қайран жұртым» деген өлең сол кездегі қазақтың рухани ахуалынан хабар беретін өте бір терең талғамды өлең. Қарап отырып бұл өлеңнен Абайдың ұлттық, елдік санаға көтерілген даналығын аңғарамыз. Хакім «Қалың елім қазағым қайран жұртым» дейді, «қайран тобықтым», «қайран арғыным», «қайран орта жүзім» демейді. Міне, осындай санаға көтерілген ғұламаның ойы өте өзекті. Неге? Өйткені бүгін біздің қоғамда ондай сана жоқ. Ел болу үшін жұртым десе қабырғасы қайысатын адамдар керек-ақ. Өкінішке қарай ондай адамдар өте аз, санаулы ғана. Ұлттық идеологияға идеал болатын адамдарды насихаттау, Абайды насихаттау, «қалың елім» деп айта алатын адамдарды көтермелеу, әр кез соларды ел ішнен тауып, мәсілихат құру бізде жоқ. Бүгінгі Рулық, тайпалық деңгейде қалып қойған адамдарды сынау, заманға сай келмейтін пасық әрекеттерді басып-басып айту - дәуір талабы. «Жауырды жаба тоқып» жүре берсек, жаңағы Абай айтып кеткен жағдайдан түзелуіміз өте қиын. Хакімнен алатын ең үлкен сабақ - елдік сана. Кейбір адамдарда «Абай қазақты сынай береді, сынай береді. Абайды оқыған қазақтың баласы түңіліп кетеді» деген ұшқары пікір де қалыптасқан. Хакімнің қазақты сынауында қазір бізде жоқ, бізге жетіспейтін ұлы махаббат жатыр. Жұртын шын сүйген адам ғана оның кемшілігін көріп, түзелсе екен деп, жанына батырып-батырып айта алады. бар. Шәкәрім атамыз «сөккенің болсын - сүйгенің, достығың болсын - күйгенің, ащы тілмен тигенің, жоғалсын деп міндері», - деп, Абайдың тағылымын жалғастырды. Бұл өлеңдерде маймөңке жоқ, бітеу жараны іреп жаратын қылпып тұрған ащы сарказм, ащы мысқыл бар. «Ащы сия долы қол, не жазып кетті жайы сол. Өкпелесең өзің біл», - деген ғұламаны «қазаққа өкпелейді екен», - деген теріс пікірге таңғанымыз «баяғы жартастығымыз». Жаратушыны таныған, Алланың хиқыметін сезген адамдарда бүгілу, маймөңкелеу, кібіртіктеу болмайды. Тура тартады. Шәкәрім абыздың «жақсы адам мінін айтса кектене ме» дейтіні сол. Бізге бабаларымыз айтқандай кемшіліктерімізді түзеу жетіспейді. «Құлға құл десең -, өлгісі келеді, биге құл десең күлкісі келеді», - дейді қазақ. Рухани жағдайымыз сондай қазір. Біз Ресей империясының құлы болған адамдармыз. Сынды көтере алмайтындығымыз, теріміздің тарлығы, шатынап шыға келетініміз құлдық психологияның көріністері. Сынаған адамның жағасына жармасып, ғұмыр бойы кектесіп өтетініміз сол құлдық синдромдар қалдығы..

0,0(0 оценок)
Ответ:
covik332
covik332
09.05.2022 03:52

Адамдар қазіргі кезде көптеген кәсіптермен айналысып жүр. Кейбір адамдар отбасы үшін жағымсыз кәсіптерге де жол басты. Ал кейбіреулері жағымды кәсіптермең айналысып,айлық алып,қуанып та жүр. Бірақ өмірде бәрі басқаша!

Ал қазіргі кезде,менің ойымша, елге де,өзіне де жағымды кәсіппен айналысқан жөн деп ойлаймын.Мысалы: мұғалім. Бұл кәсіп балаларға да,өзiне де пайда әкеледі. Және дәрігер. Ал бұл кәсiппен бiз адамдардың өмірін сақтап қалуға да болады. Міне,осындай кәсіптермен айналысқан жөн деп ойлаймын!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота