В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
alineeeeeel
alineeeeeel
03.02.2020 10:13 •  Қазақ тiлi

СПОЧНО НУЖНО НАПИСАТЬ ЭССЕ НА ТЕМУ БОЛАШАҚ ​

Показать ответ
Ответ:
malika0408
malika0408
11.05.2021 07:20

Қазақстан Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын зер сала оқып шыққан әр адамның жарқын болашаққа деген сенімінің арта түсетіні анық. Аталған мақалада Елбасы халқымыздың болашағы туралы кемелді ойларын жүректен өткізе отырып, толғана баяндайды. Ол халқымыздың бүгіні мен ертеңі туралы келелі ой қозғап, игі мақсаттарды анықтап, оған бастар жолды саралап берді.Еліміздің жас ұрпақты білім мен ғылымға баулып жүрген ұстаздар қауымы үшін аталған мақаланың әсіресе «Білімнің салтанат құруы» атты бөлімінде айтылған ойлардың маңызы зор. «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет»-деп Елбасы атап өткеніндей халқымыздың білімге деген құштарлығына айқын дәлелдер жетерлік. Шешілуі қиын небір дауларға нүкте қоя білген бабаларымыздың шешендігінің өзі терең білімнен бастау алады. Алысқа бармай-ақ өз өлкеміздің берідегі тарихына үңілсек – алты алашқа аты шыққан атақты Мамания мектебі. Мыңғырған малы мен байлығын келер ұрпақтың біліміне жұмсаған атақты бай Маманның балалары ұйымдастырған мектептің қабырғасынан қазақтың небір айтулы азаматтары білім алды. Ақсу-Қапал өңірлерінің алғашқы мұғалімдерін даярлап шығарған Мамания мектебінің қазақ жастарының білімге деген құштарлығын оятудағы орны ерекше болды. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»- деген қазақ қағидатын берік ұстанған қазақ байларының бұл бастамасы расында да Тәуелсіз Қазақстанның басшысы Н.Назарбаевтың «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» деген сөзіне дәлел. Қазақтың алғашқы ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері Біләл Сүлеев пен ақсұңқар ақын Ілияс Жансүгіров оқыған білім ошағы сол кезде білімге құштар қазақ жастарының ұстаханасы болды.

Қазақтың алғашқы білімді жастарының бірі – Барлыбек Сырттанов. Біздің мектебіміз осындай қазақ тарландарына үлгі бола білгеналаш қайраткерінің есімімен аталады. Орта білімді Верныйдағы ер балалар гимназиясынан алған ол оқуын Санкт-Петербург университетінде жалғастырады. Білімге деген құштарлықтың арқасында тұңғыш рет «Қазақ елінің уставын» жазған Б.Сырттанов алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Сералиндермен бір сапта еңбек етті. Біздің мектепте қайраткер Сырттановтың еңбектеріне арналған шаралар жиі өткізіліп тұрады. Мұндай шаралар барысында бүгінгі ұрпақтың жан-жақты білімімен қатар, құқықтық сауаттылығын арттыру да назардан тыс қалмайды.

Елбасының жоғарыда аталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бүгінгі технологиялық революцияның нәтижесінде таяу онжылдықта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетуі жайлы айтылған.

Осы орайда біздің Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектептің ұстаздар қауымы заман көшінен қалыспай озық технологияларды меңгеруді амақсат етіп, түрлі семинар, тренинг, конференциялар өткізіп, тәжірибе жинақтауда. Соның бірден-бір дәлелі мектеп ұстаздары жаңартылған бағдарлама мен курстарды оқытудағы тәжірибені, одан алынған нәтижелерді өздерінің білім қорына жинақтауды әдетке айналдырды. Әлемде білім деңгейі үздік деп танылған Кембридж университеті болса, сол университетпен келісім шартқа Қазақстан мемлекеті қол қойып, мемлекетімізде Кембридждің оқыту әдіс-тәсілдерін оқытуда. Қазіргі таңда ұстаздарымыз аталған университеттің зерттелген ең үздік әдіс-тәсілдерінен білім алып, кәсіби шеберліктерін шыңдауда. Біздің мектепте барлығы 36 мұғалім қызмет атқарса, оның ішінде 6 ұстазымыз осы аталған курстың І, ІІ, ІІІ деңгейді оқып, біздің мектепке жаңа бағдарламаны енгізіп, мектепішілік курстар өткізуде. Сол ұстаздардың бастамасымен қазіргі таңда мектеп ұстаздары жаңартылған бағдарлама бойынша білім алып, әрқайсысы осы аталған бағдарламаның сертификаттарын иеленді.

Елбасының «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»-деген сөзін басшылыққа алған мектеп ұжымы жас ұрпаққа тәлімді тәрбие, сапалы білім беруде талмай ізденіп, жаңа бастамаларға қызу үн қосуда.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота