Спорт - денсаулық кепілі. Ал мықты денсаулық - адамның еңбекке, қоғамдық іс- әрекетке белсенді қатысуының кепілі. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерте кезден көңіл бөлген. Баланың ақыл-ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына айрықша мән берген. Халқымыздың спорттық ойындары - осының бірден-бір дәлелі. Ежелден садақ тарту, байге, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысқан қазақ бәй халқы спорттың басқа да түрлерімен шұғылдану арқылы өздерінің рухани байлықтарын жетілдіріп отырған. Халық өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлері мен әртүрлі дене жаттығуларымен айналысқан. Әр өңірдің, әр аймақтың өз мергені, өз сәйгүлігі болған. Атқа мініп, асық атып, бәйгеге шауып, теңге іліп өскен балалар шымыр, епті де икемді болып өседі Дене шынықтыру мен спорт мәселесі қай елдің болсын, негізгі стратегиялық бағыты саналады. Өйткені болашақты ойламай, келешекте қуатты мемлекетке айналу мүмкін емес. Спорт дегеніміз - адамдардың денсаулығы, еңбекке дайындығы. Сонымен бірге спорт жасөспірімдерді әскери қызметке даярлауға, тәртіпке, ерлік пен батырлыққа тәрбиелеуге көмектеседі. Балалар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыму - бірінші кезекте тұрған мәселе. Осыған орай мектептерде, жоғарғы оқу орындарында көптеген спорт секциялары, үйірмелер жұмыс істеуде. Жылдан-жылға спорт базалары көбейіп келеді. Ұлттық спорт түрлері де жақсы жолға қойылған. Атап айтсақ, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, аударыспақ, бәйге, көкпар, қыз қуу, асық ату, бес тас сияқты спорт түрлерінен арнайы федерациялар құрылған. Ресми жарыстар өткізіліп тұрады.
Біздің отбасы- үлкен отбасы болып саналады. Отбасымыз он төрт адамнан тұрады. Ең сыйлы орын төрде атам мен әжем отырады. Онан соң анам мен әкем орналасады. Қалғандарымыз жасымызға қарай отырамыз. Отбасымыздағы әрбір күн біз үшін мереке. Үлкенді сыйлау, адамдармен сыйласу, үлкенге қызмет көрсету, кішіге көмектесу біздің отбасында сөзбен емес, әрдәйім іс жүзіндегі, күнделікті өміріміздегі қалыпты жағдай. Мен өз отбасымды мақтаныш етемін. Қазір біздің отбасындай үлкен отбасы кездесе бермейді.
Ас адамның арқауы.
Өте орынды айтылған сөз. Егер адам аш болса оның әлі де, көңіл күйі де, ешбір іске зауқы да болмас еді. Ал, әрдайым көңілсіз жүрген адамның жүйкесі жұқаратыны белгілі. Күші тіпті болмай, әлсірейді. Осылай денсаулығынан да айрылады. Сондықтан, уақытылы, құнарлы тағамдармен тамақтанып, ас адамның арқауы екендігін есте ұстаған абзал.
Спорт - денсаулық кепілі.
Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Біраз уақыт жаттығып алғаннан соң мәнерлеп сырғанау үйірмесіне жазылғым келеді. Себебі, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Мен жекелеп сырғанау бағытын таңдағым келеді, сонымен қатар музыкаға икемім де бар, жаттығу маған қиын болмайды деп ойлаймын.
Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Объяснение: