Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі - жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеп, түрлі жаттығулар жасауға болады. Білім алушылар мектептің дене шынықтыру үйірмелеріне тұрақты қатысулары керек. Онда арқанмен тартылады, секіреді, жүгіреді. Өйткені, олар спорттың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін, спортпен айналысудың адам өмірін ұзартатынын білуі шарт. Еліміздің ертеңгі тізгіні - жастар, сондықтан да жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз еліміздің дамыған, алдыңғы қатардағы ел екендігін көре аламыз.
Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Ол біздің мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен қомағайлықтың, ұйқышылдықтың күштілігі.
По этому тексту составить предложения по попс формуле
Жаңа жыл туралы шығарма.
Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.
Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.
Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.