Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық – адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен шұғылдануымыз керек. Спорттық ойындардың түрлері көп. Олар: футбол, волейбол, баскетбол, теннис, хоккей, суда жүзу және тағы да басқа. Спорттың адам өмірінде қаншалықты пайдалы екенін оның адам өмірін ұзартатынын біз білеміз. Дене жаттығуы а қашанда пайдалы.
Балалардың күн тәртібі кестесіне тазалық сақтау, таза ауада дем алу, дене шынықтыру, ұйықтау, мектепте және үйде сабақ оқу, еңбек ету, қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатысу сияқты оқушының күнделікті өмірі жатады.
Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің бір тәсілі- спорт. Қандай спорт түрі болмасын, халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрініп келуде. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды өзге ұлт өкілдеріне тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін әрқашан мақтан тұтамыз.
1-тапсырма. Мәтіннен күрделі екі сөзді тап, олармен тақырыпқа қатысты екі сөйлем құрап жаз.
2-тапсырма. Мәтінде қарамен берілген етістіктерді бұрынғы және ауыспалы өткен шаққа айналдырып жаз.
Етістік Бұрынғы өткен шақ Ауыспалы өткен шақ
Ойнады Ойнаған Ойна+йтын
Нұрсұлтан көз алдымызда жүріп ерте ержетті.əжемнің инеге көзі жетпейді. Апам маған білезік сыйлады.оның көздері мөп мөлдір тұнық.үйдегі жиһаздарды ауыстыру керек
Қызыл кітап Қазақстандағы сирек жануарлардың, құстардың, өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың тізімі болып табылады.
Қызыл кітаптың түсі - қызыл! Яғни табиғат қауіпті жағдайда дегенді білдіреді! Жануарлар, өсімдіктер мен құстар жоғалуда. Кітаптың қызыл түсі бекерден таңдалған жоқ. Бұл түс өзінің жарқындығымен адамдардың назарын аударып және осы кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерге көмектесуге шақырады.
Қарақұйрық, барыс, арқар және т.б. жануарлар Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.
Мен адамдар қызыл кітаптың мекендеушілерін жоймай, оларға көмектесуін қалаймын!