Стандартты ойын кубигінің қарама-қарсы жақтарындағы нүктелердің санының қосындысы 7-ге тең. Осындай кубикті шаршыланған таспаға қойып, суретте көрсетілгендей дөңгелетті. Соңғы шаршыға жетіп тоқтаған кубиктің сұрақ белгілері қойылған жақтарындағы нүктелердің жалпы саны неге тең?
Киіз үй қола дәуірінде пайда болған. Киіз үй адамзат тарихындағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Ол жер сілкіністеріне де төзімді. Киіз үй қазақ халқының қысы-жазы отыратын баспанасы болған. Ол тез жығып түйеге артып жүре беруге, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй негізгі 4 бөліктен тұрады. Олар: 1 - шаңырақ, 2 - уықтар, 3 - кереге, 4 - сықырлауық немесе есік. Бұлардың барлығы: талдан, қайыңнан, теректен жасалады. Ең жақсысы тал.
Қазақтың киіз үйі 6-қанатты,8-қанатты, 12- қанатты, 24-қанатты болады.
Киіз үйге кірген кезде ең бірінші қонақтардың көздері шаңыраққа түсетіндіктен, біздің ата-бабаларымыз шаңыраққа әр түрлі жіптерден жасалған шашақтар іліп қояды. Не үшін? Иә,көз тимеу үшін. Жалпы киіз үй оң жақ және сол жақ деп екіге бөлінеді. Яғни ерлер және әйелдер жағы болып. Ерлер жақта ер адамға тән нәрселер ілініп тұрады. Олар: шоқпар, қамшы, садақ, т.б. қару-жарақтар. Ал әйелдер жағында тек әйелге тән нәрселер тұрады. Олар: ыдыс-аяқ, төсек орын, бесік тағы басқалар. Төр қазақ халқы үшін өте қасиетті болып саналады. Төрде міндетті түрде аң терілері және қасиетті домбыра ілулі тұрады.Барлық киіз үй әдемі ою-өрнектермен әшекейленген түскиіздермен, алашалармен, сырмақтармен безендіріледі.
Объяснение:
Күрделі сөз. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы: әке-шеше, ауыл-аймақ, ашудас, бесжылдық, боз торгай, қара торы, он уш сияқты сөздер күрделі сөздер болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл-аймқ, (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), бесжылдық (бес және жылдық), боз торғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он уш (он және үш).
Күрделі сөздер жасалу жолына қарай біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні, алғысөз), қос сөздер (үлкен-кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ, БҰҰ, ҚазМУ), тіркесті сөздер (қара торғай, қара көк, жүз бес) болып бөлінеді.
Сөйтіп, күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, сөйтіп, түбірдің бір түрі болып табылады.