В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
KseshaMail
KseshaMail
07.02.2020 15:43 •  Қазақ тiлi

Стестом, . 1- нұсқа. 1. пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз. а) ұлы жібек жолы- сауда жолы. в) ұлы жібек жолы өтті. с)қытайдың жібегі осы жолмен тасмалданған. д) ұлы жібек жолы қазақтың кең даласын басып өтті. е) ұлы жібек жолында талай сауда көздері ашылды. 2. бастауышы тұйық етістік, баяндауышы зат есімнен жасалған сөйлемді көрсетіңіз. а) тез жазу керек. в) оның ойы – тез қайту. с) еске салу – жақсы. д) айту — біздің парызымыз. е) келуді қойды. 3. дара бастауыш бар сөйлемді белгілеңіз. а) еңбек еткен ер атанар. в) ертең құрылыс жұмысы басталады. с) біз бірлікті ойлаймыз. д) үй іші жым-жырт болды. е) қазақ халқы егемендік алды. 4. бастауышы тәуелдік жалғауында тұрған сөйлемді табыңыз. а) келе жатқан үшеу екен. в) інім маған көмектесті. с) нұрлан мектепте оқиды. д) біз қазақстанда тұрамыз. е) ертең жаңбыр жауады. 5. анықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз. а) досым кітап сатып алды. в) табиғатты қорғауды өзіңнен баста. с) көлдің деңгейі төмендеген. д) көлдер ластанып жатыр. е) ол бізбен кездесті. 6. толықтауышты табыңыз. досым қызық кітап сатып алды. а) қызық. в) сатып. с) досым. д) алды. е) кітап. 7. жақсыз сөйлемде болмайтын сөйлем мүшесін көрсетіңіз. а) баяндауыш в) пысықтауыш с) анықтауыш д) толықтауыш е) бастауыш 8. бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді белгілеңіз. а) күрделі в) жақсыз с) атаулы д) жалаң е) жайылма 9. мақсат пысықтауышты табыңыз. бауыржан досымен бірге алматыға оқуға барды. а) барды в) оқуға с) алматыға д) досымен е) бауыржан 10.сөйлемде қимыл-әрекеттің жай-күйін, мезгілін, мекенін білдіретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз а) пысықтауыш. в) толықтауыш. с) баяндауыш. д) анықтауыш. е) бастауыш. 11. кімдер? нелер? сұрақтары қай сөйлем мүшесіне қойылатынын көрсетіңіз. а) толықтауыш. в) пысықтауыш. с) анықтауыш. д) бастауыш. е) баяндауыш. 12. пысықтауыштың сұрағың табыңыз. а) не істеді? в) қай? с) қандай? д) кімдер? е) қайда? 13. сөйлемнің баяндауышын толықтырыңыз. біз бұлақтардың көзін … . а) мол болады. в) болмайды. с) қараған. д) аштық. е) қорғауы тиіс. 14. себеп – салдар пысықтауышты табыңыз. қара алтынды игеру үшін көп жұмыс жасалып жатыр. а) жұмыс. в) көп. с) игеру үшін. д) жасалып жатыр. е) қара алтынды. 15. сөйлемде есімше қандай сөйлем мүшесі екенін белгілеңіз. менің айтар сөзім-осы. а) толықтауыш. в) баяндауыш. с) бастауыш. д) анықтауыш. е) пысықтауыш. 16. атау мен ілік септіктен басқа септік сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз. а) баяндауыш в) пысықтауыш с) толықтауыш д) анықтауыш е) бастауыш 17. анықтауышты табыңыз. жер бетінде таза су ресурстары көп емес. а) таза в) жер бетінде с) су д) ресурстары е) көп емес 18. баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз. қымыз қандағы гемоглобинді көбейтеді. а) есімдік. в) етістік. с) сын есім. д) сан есім. е) зат есім. 19. бастауышы жоқ жай сөйлемнің түрін белгілеңіз. а) жақсыз в) жақты с) жалаң д) толымсыз е) толымды 20. тек тұрлаусыз мүшелерді анықтаңыз. а) толықтауыш, бастауыш. в) анықтауыш, толықтауыш. с) баяндауыш, анықтауыш. д) бастауыш, баяндауыш. е) пысықтауыш, баяндауыш. 21. толықтауыш қай септікте тұрғанын көрсетіңіз. ол бізбен кездесті. а) барыс септік. в) шығыс септік. с) ілік септік. д) табыс септік. е) көмектес септік. 22. қазақ тілінде сөйлемнің соңында келетін сөйлем мүшесін көрсетіңіз. а) анықтауыш. в) пысықтауыш. с) бастауыш. д) толықтауыш. е) баяндауыш. 23. сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді көрсетіңіз. біз кеше мұражайға бардық. а) біз мұражайға. в) біз бардық. с) мұражайға бардық. д) мұражайға кеше. е) кеше бардық. 24. қайда? қалай? қашан? қай сөйлем мүшесінің сұрақтары екенін көрсетіңіз. а) баяндауыш. в) пысықтауыш. с) анықтауыш. д) толықтауыш. е) бастауыш. 25. пысықтауыштың түрін табыңыз. а) қатыстық . в) жанама. с) салыстырмалы. д) тура. е) мақсат.

Показать ответ
Ответ:
stanislavfred
stanislavfred
05.10.2020 23:39

1. Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

Е) Ұлы жібек жолында талай сауда көздері ашылды.

2. Бастауышы тұйық етістік, баяндауышы зат есімнен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.

Д) Айту — біздің парызымыз.

3. Дара бастауыш бар сөйлемді белгілеңіз.

С) Біз бірлікті ойлаймыз.

4. Бастауышы тәуелдік жалғауында тұрған сөйлемді табыңыз.

В) Інім маған көмектесті.

5. Анықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

С) Көлдің деңгейі төмендеген.

6. Толықтауышты табыңыз. Досым қызық кітап сатып алды.

Е) Кітап.

7. Жақсыз сөйлемде болмайтын сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

Е) Бастауыш

8. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді белгілеңіз.

Д) Жалаң

9. Мақсат пысықтауышты табыңыз.

Бауыржан досымен бірге Алматыға оқуға барды.

В) Оқуға

10.Сөйлемде қимыл-әрекеттің жай-күйін, мезгілін, мекенін білдіретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз

А) Пысықтауыш.

11. Кімдер? Нелер? сұрақтары қай сөйлем мүшесіне қойылатынын көрсетіңіз.

Д) Бастауыш.

12. Пысықтауыштың сұрағың табыңыз.

Е) Қайда?

13. Сөйлемнің баяндауышын толықтырыңыз.

Біз бұлақтардың көзін … .

Д) Аштық.

14. Себеп – салдар пысықтауышты табыңыз.

Қара алтынды игеру үшін көп жұмыс жасалып жатыр.

С) Игеру үшін.

15. Сөйлемде есімше қандай сөйлем мүшесі екенін белгілеңіз.

Менің айтар сөзім-осы.

Д) Анықтауыш.

16. Атау мен ілік септіктен басқа септік сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

С) Толықтауыш

17. Анықтауышты табыңыз.

Жер бетінде таза су ресурстары көп емес.

А) Таза

18. Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.

Қымыз қандағы гемоглобинді көбейтеді.

В) Етістік.

19. Бастауышы жоқ жай сөйлемнің түрін белгілеңіз.

А) Жақсыз

20. Тек тұрлаусыз мүшелерді анықтаңыз.

В) Анықтауыш, толықтауыш.

21. Толықтауыш қай септікте тұрғанын көрсетіңіз. Ол бізбен кездесті.

Е) Көмектес септік.

22. Қазақ тілінде сөйлемнің соңында келетін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

Е) Баяндауыш.

23. Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді көрсетіңіз.

Біз кеше мұражайға бардық.

В) Біз бардық.

24. Қайда? Қалай? Қашан? қай сөйлем мүшесінің сұрақтары екенін көрсетіңіз.

В) Пысықтауыш.

25. Пысықтауыштың түрін табыңыз.

Е) Мақсат.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота