Ел тарихында өшпес із қалдырған асыл жандарды есте сақтау – біздің қасиетті парызымыз Қазақ мәдениетін, әдебиеті мен өнерін дамытуға зор үлес қосып, ел тарихында өшпес із қалдырған асыл жандардың бірі . Шәкен Кенжетайұлы Айманов. Шәкен Кенжетайұлы Айманов— қазақтың әйгілі актері, режиссер Спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі.Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды.Айманов режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968).«Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді.
Лыстың Ұлы күні Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы! Қазақ халқы да барша шығыс халықтары сияқты Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын үлкен құрметпен есте қаларлықтай тойлауды үрдіске айналдырған. Қазіргі күн есебіне сәйкес, наурыз айының 22-і жұлдызы жаңа жылдың бірінші күні болып есептеледі. Күн мен түн теңеліп, күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайтын мерзім. Бұл күні қуанбайтын, шаттанбайтын адам болмайды, өйткені, наурыз – бірліктің, татулықтың, көктемнің, еңбектің, бақыттың мерекесі болып табылады. Қазақ халқы үшін, бұл күн - өте қасиетті, киелі саналады. Әрбір қазақ отбасы үшін, Наурыз - жаңа жыл, ырыс-береке, мереке, жыл басы болып есептелінеді. Наурыз мерекесіне байланысты халық арасында жол-жоралар мен әдеп-ғұрыптар қалыптасқан. Адамдар таза киімдерін киіп, бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Көженің ішіне қысқы соғымның басы мен сүр еті салынады. Малдың басын, шекені қариялар мүжіп, құлағын балаларға кесіп беріп, қалғандары көжені талап ішеді. Наурыз тойына ғана тән бұл көже көпшілікке арналған мерекелік тағам. Ол жеті түрлі дәмнен дайындалады: сүт, ет, тұз, су, тары, құрт, жеміс, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосылып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынылады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол барша халықты татулыққа, бірлікке, жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа шақырады. Адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында тазарады, - деген, ұғым қалыптасқан.
Қазақ мәдениетін, әдебиеті мен өнерін дамытуға зор үлес қосып, ел тарихында өшпес із қалдырған асыл жандардың бірі . Шәкен Кенжетайұлы Айманов.
Шәкен Кенжетайұлы Айманов— қазақтың әйгілі актері, режиссер
Спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі.Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды.Айманов режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968).«Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді.