Су – тіршілік көзі Сусыз тіршілік жоқ. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады. Ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің үштен бірі құрлық. Ал үштен екісін су алып жатыр. Мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдерде, жер астында, топырақта да су бар. Мұздықтар да қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада бұлт, тұман, бу, жаңбыр, қар түрінде болады.
Су сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрінде кездеседі. Судың көптеген заттарды оңай ерітетін қасиеті бар. Табиғатта қо жоқ таза су кездеспейді. Таза суды тек зертханадан ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ. Теңіз суының құрамында еріген тұздар бар. Сондықтан оны ішуге болмайды.
4. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
A. Атмосфераның құрамы қандай?
B. Адам неге сусыз өмір сүре алмайды?
C. Су табиғатта қандай түрінде кездеседі?
D. Сусыз қанша уақыт өмір сүруге болады?
E. Табиғаттағы қо бар сулар ағаштарға пайдалы ма?
5. Мәтінге сәйкес ақпаратты белгілеңіз.
A. Адам теңіз суымен қоректенеді.
B. Суда затты еріткіштік қасиет бар.
C. Сусыз біраз күн жүруге болады.
D. Құрлық судан гөрі кең жерді алып жатыр.
E. Қо бар сулар ағаштарға пайдалы.
4.адам неге сусыз өмір сүре алмайды?
5.суда затты еріткіштік қасиет бар