Су – тіршіліктің көзі. Онсыз а ң өмір сүруі мүмкін емес. Әлемнің жартысынан көп бөлігін су қоршап тұр. Ғарыш әлемінен қарасаңыз да, жердің көк түспен көмкеріліп жататыны сол себепті. Күнделікті қолданып жүрген суымыз қарапайым әрі қажетсіз болып көрінуі мүмкін, дегенмен оның да сұрауы бар. Адам сусыз өмір сүре алмайды. Біздің денеміздің 60-70% судан тұратыны осыған дәлел. Ал балаларда – 80 %. Су тіршілік көзі ретінде ағзада алар орны ерекше. Себебі судың міндетіне жасушаларға құнарлы заттарды жеткізу, дәрумендер мен микроэлементтерді тасымалдау және тыныс алу қызметіне тікелей қатысу кіреді. Ғалымдар адам бойындағы судың мөлшерін 2%-ға азайтып жіберсе, адамның физикалық және ақыл күші 20 пайызға төмендеп кететінін дәлелдеді.
1-тапсырма.
Мәтін мазмұнына байланысты 2 сұрақ құрастырыңыз. ( )
Адам қанша уақыт сусыз жүре алады?
Адам көп уақыт су ішпесе не болады?