Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамында кездеседі. Жануарлар мен адам денесінде де су көп. Адам ағзасының бүкіл салмағының жартысынан көбі судың үлесіне тиеді. Сусыз жер бетіне өсімдік өспейді, жануарлар тіршілік ете алмайды. Ал адам өміріндегі судың маңызына баға жетпейді. Сусыз тамақ піспейді. Тазалық та болмайды. Судың күшінен электр қуаты алынады. Су арқылы үйді жылытады. Өндіріс орындары сусыз жұмыс істей алмайды. Адамдар су жолымен қатынайды, жүк тасиды. Сондықтан да су өмір нәрі, тіршілік көзі болып саналады.
Тірек сөздер:
Су, тіршілік, адам, жануар, ағза,өсімдік,
Объяснение:
тамақ, тазалық, өмір нəрі