В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Theduckmen
Theduckmen
08.10.2021 19:36 •  Қазақ тiлi

Суасты әлемінің құпиялары туралы шығарма керек еді.шығарма 180 сөзден тұру керек тезірек жазып жіберісіздер ма

Показать ответ
Ответ:
maxjk19
maxjk19
06.10.2020 02:16
Дүние тылсым құпияға толығой. Біз өмір сүрген жерді құпиясы сырын әлі ішіне бүгіп жатыр. Ал жер шарының қалған екі бөлігін алып жатқан судың қойнына тыққан сыры біз ойлағаннан да көп болуы мүмкін. Аңыздардан судан шыққан алып құбыжықтар жайлы, кемелерді құрдымға кетіретін жойқын күшті су жануарлары жайлы көп естіген боларсыз. Мұхиттардың түбін жайлаған тіршілік иелерін толық зерттеп болмаған ғалымдар әлі күнге сол саланың соңында жүр. Кейбір ғалымдар мұхит түбінен көне өркениет іздерін, су асты пирамидаларын тапқан. Десек те, олардың мүмкіндіктері шектеулі. Мысалы ерттеушілер әлі күнге Бермуд үштағанының сыры мен Атлантиданың орнын таба алмай жүр. Олар сонымен бірге ескі аңыздарда жиі аты аталатын су құбыжықтарының бар-жоғын да анықтай алмай отыр.   
Солардың бірі Лох-несс құбыжығы .
0,0(0 оценок)
Ответ:
Лера12435
Лера12435
06.10.2020 02:16
Дүние тылсым құпияға толығой. Біз өмір сүрген жерді құпиясы сырын әлі ішіне бүгіп жатыр. Ал жер шарының қалған екі бөлігін алып жатқан судың қойнына тыққан сыры біз ойлағаннан да көп болуы мүмкін. Аңыздардан судан шыққан алып құбыжықтар жайлы, кемелерді құрдымға кетіретін жойқын күшті су жануарлары жайлы көп естіген боларсыз. Мұхиттардың түбін жайлаған тіршілік иелерін толық зерттеп болмаған ғалымдар әлі күнге сол саланың соңында жүр. Кейбір ғалымдар мұхит түбінен көне өркениет іздерін, су асты пирамидаларын тапқан. Десек те, олардың мүмкіндіктері шектеулі. Мысалы ерттеушілер әлі күнге Бермуд үштағанының сыры мен Атлантиданың орнын таба алмай жүр. Олар сонымен бірге ескі аңыздарда жиі аты аталатын су құбыжықтарының бар-жоғын да анықтай алмай отыр.   
Солардың бірі Лох-несс құбыжығы  

Шотландияның шағын көлі Лох-несстен бірінші болып құбыжықты көрген Рим легионерлері болса керек. Судан ойда жоқта шығатын бұл құбыжық талай адамдардың жанын жалмап, біраз қайықтарды жұтқан-мыс. Аңыздың кең тарала бастағаны соншалық, ол жайлы ақпарат 1933 жылдары газеттерге де шыға бастайды. Содан бастап оның атағы жер-жаһанға жайылып, көпке танымал құбыжыққа жұрт «Несси» есімін береді. Сол жылдары айналдырған бір айдың ішінде Несси су бетіне 15 мәрте шығып, көпшілік көзіне түседі… Ал 1943 жылы бір ұшқыш көл үстінен ұшып бара жатып, айдыннан алып жыланның сұлбасын көріп суретке түсіріп алады. Құбыжықтың бар-жоғын білгісі келген мамандар көлде дыбыстық зерттеу жұмыстарын да жүргізген. Олар көл түбінде оңай көтеріліп, ептілікпен жүзетін ауыр денелердің бар екенін анықтаған. Бірақ ғалымдар оның не нәрсе екенін біле алмаса керек. Бірі мұны түкке тұрмайтын жасандылық деп түсіндірсе, екіншілері құбыжықтың бар екенін дәлелдейтін дәйектер келтіріп әлек. Вирджиния университетінің профессоры Хенри Бауэр «бұл — ежелгі плезиозаврлардың тірі қалған бір түрі болуы мүмкін» деген болжам айтқан. Осындай адам сенгісіз әңгімелерімен көпшіліктің қызығушылығын тудырған құбыжықтың көлін көруге алыс-жақын шетелден арнайы келетіндер саны арта түскен.   
Дәл осылайша таңғажайып аңыздармен аты шыққан көл — Бросно.  

 Бұл көлде төменгі Новгородты бетке алған татар-моңғол әскерінің күл-талқанын шығарған алып құбыжық мекен еткен-мыс. Бұл жердің адамдары да кезінде айдын бетінен аузынан от шашқан айдаһарды көрген. Алайда бұл оқиғаларға айдаһардың еш қатысы жоқ екен. Мәселенің мән-жайы кейін белгілі болды. Аталмыш көл түбінде қысымы өте жоғары газдар жинақталатын көрінеді. Газ су түбіндегі тербелістер кезінде алапат күшпен көкке атылады. Міне, балықшылардың із-түссіз жоғалуына, шағын қайықтардың су түбіне кетуіне осы жайттар себепші болған. Ал егер сол уақытта балықшылар темекі тартып отырған болса, айдын беті бір сәт қызыл отқа оранады. Көл айдаһары жайлы аңыз осыдан шықса керек. Норвегияның Ремшен көлі де құбыжығы көп айдынның бірі. Бұл көлден де бірталай куәгерлер ұзындығы 15 метрге жететін жыландарды, алып айдаһарларды көрген. Ремшенді зерттеген мамандардың құрылғылары да су түбінен шыққан беймәлім дыбысты жазып алған. Алайда құрылғыдағы бұл дыбыстар ғалымдардың нақты шешім қабылдауы үшін жеткіліксіз болып отыр. 
  Мариан шұңғымасы  

Сонау 1700-1800 жылдар аралығында мұхитта себепсізден себепсіз жоғалып отырған кемелердің күйреуінің сыры ашылды. Мұхиттардың құпиясын іздеген мамандар күн сайын жаңа жетістіктерге қол жеткізуде. Олардың заманауи зерттеу құралдарына ірілі-ұсақты түрлі жануарлардың сұлбасы түсіп жатады. Олардың ешкімге түсініксіз суреттерін көрген адам ежелгі аңыздардың шындығына бір мысқал сенгендей болады. Сондай-ақ кейде теңіз жағалауына адам естіп білмеген, өмірінде көрмеген жануарлардың қаңқасы мен денесінің шығып қалатыны да өтірік емес. Осындай ерекшеліктерді ескерген зерттеушілер суда әлі де толық зерттеліп болмаған тіршлік иелері бар деген ойда. Мысалы, жердің ең терең нүктесі саналатын Мариан шұңғымасы әлі де толық зерттеліп болған жоқ. Бұл шұңғыманың түбіне 2012 жылға дейін ешбір елдің ғалымдары жетіп көрмеген болатын. Ал 2012 жылы оның түбіне режиссер Джеймс Кэмерон «Челенджер» атты бір орындық су асты кемесінің арқасында жеткен болатын. «Титаник» фильмінің режиссері бұл сапарында талай ғасырлар бойы ғалымдарымыз қол жеткізе алмай жүрген деректерге қаныққан. Өзімен бірге ала кеткен 3D форматындағы камерасына ол тұрпаты адамзатқа беймәлім су жануарларын түсіріп үлгеріпті. Бұл ғалымдардың «су тереңдігі 6000 метрден асқан соң, қысымы жоғары, температурасы 0 градусқа дейін жететін ортада ешбір тіршілік иесі өмір сүре алмайды» деген тұжырымын жоққа шығарды. Ал оған дейінгі зерттеушілердің құрылғылары беймәлім жануарлардың сұлбасын түсіріп, су түбінен әртүрлі дыбыстарды жазған. Америка ғалымдары бір жылдары шұңқырға «Кірпі» аталатын құрылғысын түсіріп, оның камерасына түскен бірнеше басты айдаһарға ұқсайтын жануарды байқап қалған. Құрылғыны су бетіне қайта шығарғанда мамандар зерттеу аппаратының себепсізден себепсіз майысқанын және оны кемемен байланыстырып тұрған тростың мүжілгенін байқаған.
   
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота