Облыс аймағында 1600-ге жуық көл бар, оның ішінде 200-ден астамының ауданы 1 шаршы км-ден асады. Облыс жерінің онтүстік-шығыс бөлігінде су айдыны көлемі жағынан Қазақстаңдағы үшінші көл — Балқаш жағалауы кіреді. Көл Батыстан Шығысқа қарай созылыңқы (614 км) орналасқан. Ауданы 18,2 мың км2, су көлемі 106 км3, су айдынының теңіз деңгейінен биіктігі 342 м. Тереңдігі 6-12 м-ден (Батыс), 15 м-ге дейін (Шығыс) ауытқиды, ең терең жері — 26 м. Тұздылығы біркелкі таралмаған, Батыс бөлігі Іле өзенінің суымен тұщыланады, Шығысында тұздылық мөлшері 5г/л дейін жоғарылайды. Антропогендік әсерден Балқаш көлінің деңгейі 2 м төмендеп, суының сапасы да нашарлаған. Аласа таулы және қыратты суайрықтар мен үлкен тұйық ағынсыз алап көлдеріне қарағанда, анғарлық-арналық көлдер түрі көп тараған. Айдын ауданы 0,5-1,5 м2 ұсақ көлдер куаң жылдары жазда кеуіп қалады. Көлдер суының орта минералдылығы 1-10 г/л аралығында.
Мысалы, Ащысу – Қарағанды облысының Бұқар жырау, Павлодар облысының Баянауыл аудандары арқылы ағатын өзен.
Айыр мен Желтаудағы бұлақтардан басталып, Жаркөл көліне құяды. Ірі салалары – Жыландыбұлақ, Қорған, Айрық, Қарасу және Күртіөзек. Аңғарының ені 7,5 км. Қар, жер асты суларымен толығады. Жазда тартылып қарасу тізбектеріне айналады. Теңдік ауылы тұсында жылдық су ағымы 0,44 м3/с. Қараша – сәуір айларында суы қатады. Суы мол кезде тұщы, сабасына түскенде ащы келеді. Мал суаруға пайдаланылады. Ол адамға өте пайдалы. Себебі, емдік су деуге де болады