Аққу өзінің тұлғасымен, күшімен, сұлулығымен барлық су және суда жүзетін құстардың патшасы. Өзі аппақ қардай, үлкен емес жалтылдаған мөлдір көзді, қара мұрынды, қара аяқты, ұзын майысқақ және әдемі мойынды, судың тегіс бетінде, жасыл қамыстардың арасында тыныш жүзіп жүргенде ол керемет. Аққулар қолға тез үйренеді. Жазда олар тоғанда жүзеді. Қызда жылы жерге оларды көшіреді. Аққулар балықпен, нанмен, астықпен қоректенеді. Орыс халқы аққулар туралы көп ән шығарды. Оларды еркелетіп, аққуым, қуым деп атайды.
1. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
2. Өз елім, өлең төсегім.
3. Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.
4. Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің барінен жақсы.
5. Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.
6. Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.
7. Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат.
8. Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.
9. Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.