Уақыт пен заман ағымына қарай, бүгінгі күні қоғамымызда «фастфуд», яғни жылдам даярланатын тағамдар аса үлкен танымалдыққа ие болып отыр. Менің ойымша, оның бірден - бір себебі: бүгінгі күні адамдар материалдық құндылықтарды жоғары бағалағаннан кейін және «уақыт - ақша» деген түсінік қоғамда етек жайғаннан бері, сол уақытты үнемдеу мақсатында фастфуд өте үлкен танымалдыққа ие болып отыр деп есептеймін.
Ғалымдардың ойынша, мұндай жылдам даярланатын тағам адам ағзасына кері әсерін тигізіп, тіпті кейбір аурулардың себепшісі де болып жатады. Ең басты зияны – ол асқазанға тигізетін кері әсері. Сонымен қатар, бұл тағамдар әуестік туғызады. Ал үнемі біркелкі тамақтану – ол да зиян.
Денсаулық мамандарының айтуынша, жылдам даярланатын тағам құрамында майлар мен консерванттар өте. Сонымен қатар, бұл тағамдарды дайындау барысында маргарин өте көп қолданылды, ал оның құрамында трансмайлар көп, ол да адам ағзасына зиян келтіреді. Және де фастфуд әзірлеушілер оның құрамына арнайы дәмін күшейтетін арнайы дәмдеуіштер қосып, осының салдарынан адамдарда тәуелділік пайда болады.
Сондықтан, менің кеңесім: мұндай тағамдардан шама келгенше бас тартып, дұрыс тамақтанып, өз денсаулығымызды сақтайық! Ол үшін төмендегі кеңестерге құлақ ассаңыз, болғаны:
1. Тағамға көбіне көкөністерді пайдаланған абзал.
2. Иммунитетті көтеру үшін кебектен, витаминді – минералды кешенмен байытылған ұннан жасалған нан, қырыққабат, сәбіз, аскөк және қызылшаны көбірек пайдаланған жақсы.
3. Сонымен қатар ұйқыға үш – төрт сағат қалғанға дейін тамақтанып алған дұрыс.
4. Дұрыс тамақтану туралы дәрігерлер мен кәсіби диетологтардың кеңесін тыңдаған жөн.
1-нұсқа
1. Заттың дәмін білдіретін сөзді атаңыз.
Е) Тәтті
2. Сын есімді табыңыз.
Е) Қызыл.
3. Сын есім болмайтын сөзді табыңыз.
А) Көз.
4.Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты табыңыз.
В) Малды ауыл.
5. Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Қызыл ала.
6. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.
С) Тамаша.
7. Арман сөзіне тіркес бола алатын сын есімді көрсетіңіз.
А) Биік.
8. Сын есім нені білдіретінін көрсетіңіз.
Е) Заттың түр-түсін
9. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.
С) Жаңбырлы.
10.Туынды сын есімді табыңыз.
С) Таулы.
11. Дұрыс тіркескен сөзді табыңыз.
Д) Әдеби тіл.
12. Сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.
Д) Адал адам.
13. Күрделі сын есімді табыңыз.
В) Сары ала.
14. Қатаң дауыссыз дыбыстан тұратын сын есімді көрсетіңіз.
Д) Қысқыш.
15. Қандай? сұрағына жауап беретін сөзді табыңыз.
Д) Мерекелік.
16. Сын есімді табыңыз.
Е) Жарық.
17. Күрделі сын есімді табыңыз.
Е) Орта бойлы.
18. Сын есімді табыңыз.
В) Тәтті.
19. Досыңның мінезіне сәйкес сөзді табыңыз.
Е) Мейірімді.
20. Негізгі сын есімді табыңыз.
В) Жарық.
21. Туынды сын есімді табыңыз.
Д) Таулы.
22. Күрделі сын есімді көрсетіңіз.
А) Қызыл қоңыр.
23. Әлияның бойы қандай екенін белгілеңіз.
Е) Ұзын.
24. –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары арқылы қай сөз табы жасалатынын көрсетіңіз.
Е) Сын есім.
25. «Арық ...» сөзімен тіркесетін сын есімді табыңыз.
Д) Қой.
Пайдалы және зиянды тағамдар.