В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
alina1934
alina1934
07.08.2022 01:50 •  Қазақ тiлi

Сурет пен тірек сөздерді пайдаланып, көңілді хайуанаттар бағы тақырыбында әңгіме құрастырып жаз.​

Показать ответ
Ответ:
aisultankubashev
aisultankubashev
10.10.2020 08:37

Көңілді хайуанаттар бағы.

Осы аптаның демалыс күні қаламыздағы хайуанаттар бағы күрделі жөндеуден кейін өз есіктерін қала қонақтары мен тұрғындары үшін айқара ашқан болатын. Бұл ашылуды әсіресе балақайлар көптен күткен болатын, сондықтан бұл жерде ине шаншар жер болған жоқ. Алдымен құттықтау сөздер сөйленіп, ресми түрде бақтың ашылуы өтті. Одан кейін жиналған қонақтар өз қалаулары бойынша серуендеп, жануарларды көруге аттанды. Айта кететін бір жайт – бұл күні балалар үшін тегін билеттер мен балмұздақ ұйымдастырылды.

Біз өз серуенімізді қасқыр мен түлкілер орналасқан тордан бастадық. Торлары кең, ішінде тағамдары жеткілікті екен. Ары қарай жүре бергенімізде гепард пен пантераны көріп, олардың сымбатына тәнті болдық. Олар сонау Африкадан әкелінген екен.

Тура бақтың ортасында бұрынғыдай қоңыр аюлар орналасыпты. Олардың торының жанында біраз адам жиналып қалыпты. Себебі, аюларға бақтың қызметкерлері тағам беріп жатыр екен, ал кейбіреулерінің сол мезгілде сумен ойнап жатқаны бір қойылым іспеттес болып көрінді. Біз аюларды біраз тамашалап, ары қарай аттандық.

Ары қарай жүре бергенімізде бұтақтан бұтаққа секіріп жүрген тиінді көріп, біраз аялдап қалдық.

Келесі кезекте мойны ұзын керікті көріп, оның бойының ұзындығы аң – таң болдық. Керікпен көршілес жерде таутайлақ (лама) орналастырылыпты. Оларға кіреберісте арнайы рұқсат етілген тағам сатып алған болатынбыз, сол сәбіз бен салат жапырқтарын беріп, біраз суретке түстік. Бұлардан басқа бақта үлкен – кішілі маймылдар, арыстан, жолбарыс, барыс, түлкі, түрлі құстар мен су жануарлары тағы бар. Бақты армансыз аралап, суретке түсіп, уақытты көңілді өткіздік.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота