В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Posrednikova04
Posrednikova04
03.08.2021 07:31 •  Қазақ тiлi

«Сурет салуға деген ынтызарлығым мектепке бармай тұрып басталған. Біздің, кезімізде бүгінгідей техника жетістіктері жоқ.
Сиясауытымызға құйып алған сиямыз ойнап жүргенде үстімізге
төгіліп, малмандай болатынбыз. Соғыс қасіретінен халықтың
жағдайының нашарлауы менің сурет салуға деген құштарлығыма
еш кедергі бола алмады.
Тұңғыш көрмемді мектепке дейін үйдің қабырғасында
ашқанмын», - деп рақаттана күлді Касымбек аға. Сол кездегі
әліппеге басылған арыстан, жолбарыстардың суретін салып,
үйдің қабырғасына іліп, күллі ауылды көрмеме шақырдым.
Ауыл-үй түгел келіп көріп, мақтайды. Бала жүрек мәз болады.
Сол кездегі суретімді қолпаштаған мақтаулар сурет әлеміне де-
ген сенімділігімді нығайтты.
Тіршілік дегенің ағын судай тоқтамайтын асығыс екен ғой?!
«Арманға қалай жетеміз?» деп талпынумен арпалысып жатқан
тіршілік бұл. Мұндай сәттерде ең жақын көмекшің
Көргенінді қиялында тірілтіп, көз алдында қанатына мінгізіп,
жетелеп отырады», - дейді суретші.
(с. Қасымбектен)
қиял. Осылардын ішінен зат есимди табу керек ​

Показать ответ
Ответ:
Zvezdo4kaKatty
Zvezdo4kaKatty
24.05.2022 23:27

Бұл жазбаны осы жолы жазуыма бірнеше адамның сұраныстары себеп болды деуге де келетін шығар. Оның үстіне өзім де жазғым келген. Бірақ қу басқа түрлі ойлар келіп сол бойына жазылмай қалған болатын… Сосын ойландым. Анамның бойындағы бар қасиетін жазудың қандай кінәраты бар?! Әрі оған деген перзенттік махаббатты жеткізудің несі айып?! Әрине, анаға деген құрмет жазумен өлшенбейді! Бірақ жазудың да мақсат-мұраты бар. Бұл кішігірім әңгімемді қүйбең тірліктің тасасында жүрген бауырларым оқыса, бәлкім олардың да анасына деген махаббаты түлеп, еселенер деген оймен бір шешімге келдім. Себебі, өзім де ана туралы өлең, әңгімелерді оқып, не болмаса ән тыңдай отырып, соны қалдырған жазушының (автордың) кейпіне еніп алып жаным рақат тауып қалатын.
Менің анам қатал. Бізді жиі ұрсатын. Сондықтан да бала күнімде кейде кейбір жолдастарымның аналарына қызыға қарайтынмын: Неткен жақсы, баласын ешқашан ұрыспайды. Баласы не істегісі келсе, соны істейді. Баласының айтқанын екі етпей орындайды… Ал менің анам бізді еркімізге жібермей, тек өзінің темірдей тәртібінің шеңберінде ғана ұстайтын. Әрбір ісімізге, жүріс-тұрысымызға қатты көңіл бөлетін. Ол уақытта мұның бәрі бізге ұнамайтын. Алайда осының бәрін тек іштей ойлаймыз. Себебі, «Мама неге бұлай…» деп айтуға ешқайсысымыздың батылымыз жетпейтін. «Сенің анаң қатал иә?» дейтіндер де болды. Сонда «менің мамам жұрттың жүзіне неліктен ыржиып қарамайды екен» деп ойлайтынмын…

Қазір барлығымыз кейде «баланың аты – бала екен ғой…» деп өткенді айтып күліп аламыз. «Кім нені көргісі келсе, соны көреді» демекші, тек анамызды айдаһардай көрген біз екенбіз. Енді қазір бұрынғы көрқарасқа кереғар ойлаймын: Менің анам неткен жұмсақ!.. Не деген дана!.. Неткен ақылды!… дейтін болдым.

Бізді анамыздың туралығы тәнті етеді. Қайратты, жігерлі жан. Жүрегі кең, қолы жомарт адам. Әкем адам көңіліне көп қарайды. Ал анам шындықты айтушы. Барды – бар, жоқты – жоқ дейді. Сол үшін де жұмсақ сөзге үйір басқаларға ұнамайтын шығар деп қоям. Алайда, менің анам сияқты салмақты, сабырлы, турашыл, кеңпейіл қасиетке көбіміз кедейміз. Кейбір туыстарымның балаларына көңілім толмай қараймын. Сонда «шіркін, анамның тәрбиесіне салып алар ма еді, осыларды» деп кейде пенделікпен ойлап та қоямын.

29 жасында болған анам, расымен де батыр ана. Машақаты бітпейтін ауылдың ауыр тірлігі көпшілікке мәлім. Үлкені небәрі 10-да, ал кішісі – мен жөргекте… Шұрқыраған алтаудың алты түрлі тілегі бар… Алтауы да жыласа алты түрлі дауыспен жылайды… Алтауы алты түрлі тамақ жегісі келеді… Алтауын бірдей шомылдыру… Алтаудың тәрбиесімен айналысу… Мұнымен бітпейді. Әкем іс-сапарымен кеткенде даланың шаруасы осы пейнетке келіп қосылады…

Осыларды қазір ойласам, анамды арқама салып алып, аяғын жерге тигізбей көтеріп жүргім келеді. Бірақ біздікі сөз күйіндегі махаббат… Сол себептен де анамыздың бізге берген бір қасық асын өтеу әзірге қиын болып жүр.

Адамдар арасында ананың балаға деген махаббатынан артық, күшті сезім жоқтай көрінеді. Жұмсақ тәртіп көрсек, бәлкім анамыздың қадірін де білмес пе едік?! Егер өмірден бірдеңе үйреніп, сәл де болса жалғанның сырын түйсініп жатқан болсақ, осының бәрінде де асыл анамыздың үлкен үлесі жатыр…

Өмірдің осыншама қиындықтарын көрген анама мен аяушылықпен қарамаймын. Себебі өмір әркімді бір-біріне ұқсамайтын сынағына салады. Арманым – анам біздің емес, Алланың бағалауына іліксе. Ал тілегім – Алла анамның құлшылығын қабыл етсе. Ал бұл жалғанда менің ата-анам бақытты жандар деп ойлаймын…
Алпысқа таяған анам, әзірге бір келін, үш күйеу балалы, бірнеше немерелі болды. Қазір менің елге оралғанымды сарғая күтіп жүр.

0,0(0 оценок)
Ответ:
GLEBfy
GLEBfy
05.07.2022 21:05
-Сенің отбасында, отбасылық дәстүрлер бар ма?
-Иә, менің отбасымда отбасылық дәстүрлер бар
-Қандай отбасылық дәстүрлер сенің отбасында бар?
-Біз отбасымызбен жаңа жалды, наурызды тойлаймыз. Жаз сайын Джасыбайға барамыз.
-Қандай жаңа жылдық дәстүрлер сенің отбасында бар?
-Жаңа жыл сайын, 1 қаңтарда біз отшашулар атамыз.
-Наурыз мерекесіне байланысты сенің отбасында қандай дәстүрлер бар?
-Жыл сайын наурыз мерекесінде біз әже-атамызға барамыз, олар бізге бешбармақ әзірлейді.
-Сенің отбасын туған күнді қалай тойлайды?
-Туған күн сайын біздің отбасымыз үлкендастархан басында жиналып, силықтар сыйлайды.
 ( Автор, на Наурыз готовят "Наурыз коже", а не бешпармак.)
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота