В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
missgur04
missgur04
16.10.2020 08:59 •  Қазақ тiлi

Суретке қара. Диаграмманы толтыр

Показать ответ
Ответ:
flox1998
flox1998
22.06.2020 05:26
Рахман бұлағы қорықшасы Шығыс Қазақстан облысының Катон Қарағай ауданы жерінде, ауданы- 109 га. Қорықша Алтайдың орталық бөлігінде орналасқан. Оның құрамында бал қарағай мен самырсыннан тұратын Алтай тауының тайгалық ландшафтылары енеді. Әсіресе 1738 м биіктікте тау арасында орналасқан Рахман көлі тамаша табиғатымен таңдандырады. Көлден Арасан өзені ағып шығады. Сәл төменірек тау беткейінен сарқырап құлап ағатын көптеген бұлақтары бар. Сондай тау аңғарларының бірінде кремнийлі минералды суы бар Рахман бұлағы орналасқан. Ыстық судың температурасы 40 градусқа дейін жетеді және олар гранит-тақтасты жыныстардан ағып шығады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Mашka
Mашka
15.02.2020 07:35
Бурабай – Көкшетау қыратындағы тұйық көл. Ол Ақмола облысының Бурабай ауданында Көкше тауының шығыс баурайында теңіз деңгейінен 320 метр биіктікте орналасқан. Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне дейін анық көрінеді. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде Жұмбақтас аралы орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 метр көтерілген. Сол маңда Оқжетпес тауы да бар. Көл суында алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан балықтары жеткілікті. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және көркемсурет шығармаларына арқау болған.





Зеренді. Ақмола облысында еліміздің көрікті жерлерінің бірі – Зеренді ауылы орналасқан. Ол Көкшетау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км жерде, Көкшетау қыратындағы Зеренді тауының солтүстік-шығыс етегінде, Зеренді көлінің шығыс жағалауында орналасқан. Зеренді тауының баурайында жазғы лагерьлер мен демалыс үйлері жұмыс істейді. Ауыл маңындағы Жамантұз көлінің шипалы сазы емге жарамды. Зеренді көлінде ондатра өсіріледі, балық ауланады. Ауыл арқылы Көкшетау-Атбасар автомобиль жолы өтеді.



Қарқаралы. «Атыңнан айналайын, Қарқаралы» деп бұл өлкенің сұлулығы Сәбит Мұқанов пен Мәди Бәпиұлының өлеңдері мен шығармаларында жиі суреттелген. Еліміздің көрікті жерлерінің бірі – Қарқаралыда болып, оның сұлулығына тамсанбау мүмкін емес. «Қарқаралы» атауы көне бас киім – қарқара атауынан туындаған. Себебі, бұл жердің таулары алыстан қарағанда бас киім пішіндес болып келеді. Табиғаты әсем өңір көруге тұрарлықтай. Қарқаралы Қарағанды облысында орналасқан.





Каспий теңізі – Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Каспий теңізіне 130-ға жуық өзен мен ағынды сулар құяды. Жазда Каспий теңізінің беті қатты қызады, температура барлық бөлігінде де бірдей: шілдеде орташа температура 24оС – 26оС. Тамыз айында температура айдынның бірқатар бөлігінде 24оС, ал оңтүстікте 28оС -қа дейін көтеріледі. Яғни, шомылуға қолайлы температура қалыптасады. Каспий жағалауында қазіргі кезде құстардың 260 түрін кездестіруге болады. Каспийдің шығыс жағалауында ғана жыл сайын 2 млн құс қонады. «Каспий» атауы XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспий тайпаларына байланысты қалыптасқан.



Алакөл – Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында орналасқан тұйық көл. Көлге 15-тен аса өзен құяды. Алакөл жағалауы, негізінен төрттік дәуірдің түрлі тау жыныстары – саз балшық, құмды топырақ, қиыршық тас, ұсақ құмнан тұрады. Жалпы, Алакөл – емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы. Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып адамға жағымды әсер береді. Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы медицинада дәлелденген. Кезінде Жібек жолының керуендері көл жағасын басып өткендіктен, оның суы мен ауасымен ұзақ жолдан науқас болған адамдардың денсаулығын түзеп, емдеген. Кеңес үкіметі кезеңінде Алакөлде Ғарышкерлер үйі жұмыс істеді. Кеңестік ғарышкерлер ғана емес, басқа капиталистік алпауыт елдердің де көктен оралған ұшқыштары бойындағы радиациядан осы көлде арылған екен.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота