Суретші Қасымбек Нұрбеков Әр шығармашылық иесінің өмірде өшпес із қалдыратын өз жолы бар.Қасымбек ағаның балалық шағы сонау дүниежүзілік соғыс алапатымен тұстас болды.Ол алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қолына ұстаған қаруы-сия-сауыт болатын.Бәлкім,қазірде суретті гуашпен салғанды ұнататыны сондықтан болар.
"Балалық шағым соғыстың қиын-қыстау кезеңіне тап болып,сурет салуға қыл қалам таппайтынбыз.Сурет салуға ынтық болғаным сонша-есектің құйрығынан, не аттың жалынан қыл қалам жасап,сия-сауыттағы сияға батырып бояйтынбыз"- деп Қасымбек аға алыста қалған жылдарды сағына еске алады.
"Мектепте жүргенде қабырға газетін сиямен бояп,көркемдедік.Ауылдан 7 шақырым жердегі Ақтан мектепке жаяу баратынмын.Ақтан деуімізді себебі,мектеп күллі ауылдағы сырты әкпен ақталған жалғыз үй болатын.Ол кезде сағат деген атымен жоқ.Шамамен жобалап барамыз.Жаяудың қайбір жүрісі өнсін,кейде кешігіп барамын.Бірде кешіккеніме ашуланған мұғалім қатты жазалағаны әлі есімде.Сонда қазіргідей үйге жылап баруды білмейміз,керісінше,білімге құштарлана түсеміз"-деді ол.
ОСЫҒАН ҚАРАП ЖОСПАР ҚҰРУ КЕРЕК