Егер менательды басқаратын болсам,мен ең күшті атель жасаушедім.Ол 2 қабаттан тұрушеді,бірінші қабатта көйлек пен костьюм.Ал екінші қабатта жасалған киімдер сақталад.Барлық құрал жабдықтар жақсы болушеді,олар өте көп және ең керектілер болар еді.Ательде жақсы адамдар жұмыс жасаушеді және олар өте тез және сапалы жасайды.Олар өте сыпайы және мейірімді болар еді.Ательдегі баға қымбат емес,бағалары тым жоғары болар еді.Себебі адам көп келу үшін.Егер киімді өте тез жасау керек болса,жұмысшылар оларды қонақ бөлмесіне апарар еді.Сол жерде демалып,шай ішуге болар еді.
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар. Үй иесі үлкен кісілерден наурыз көжеге бата сұрайды. Ол кісілер: «Пәле-жала жерге енсін! Төрт түлік ақты болсын! Өрісің малға,үйің жанға толсын! Ақ мол болсын!» деп айтады.