Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол - мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су, қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады. Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі. Ондай ойысқа су толса, көл пайда болады. Көлемі әртүрлі. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады.
Каспий – дүниежүзіндегі ең ірі көл. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың километрден қашықтыққа созылып жатыр. Тереңдігі - 800 м. Балық көп.
Құбырдан алынған су 100% таза бола бермейді. Ол өзеннен хлор қосылып, тазартылып келеді. Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен. Ол – су, шай, шырын, сусын, минералды су. Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек. Себебі қайнамаған судан кейде гепатит ауруына да шалдығып жатады. Оның құрамында микробтар болуы мүмкін.
Мәтінге қатысты ой тұжарымыңызды жазыңыз
ғыз, дүнған,ұйғыр, кәріс, қытай тағы да басқа ұлттың адамдары бар. Сонымен қатар, соңғы жылдары Президентізіміздің жолдауы бойынша біздің қаламыздың,еліміздің санын көбейтіп, байыта түсуде.
Алматыда көптеген үйлер, балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орындары, колледж, демалыс және сауда орталықтары, кітапхана,театр, кинотеатр, емхана, дәріхана, завод- фабрикалар және тағы бас
қада қаламызды көркейтетін әсем жерлер көп.
Соңғы жылдарда қаламыз адам танымастай гүлденіп келе жатқаны белгілі. Себебі, күннен- күнге әдемі ғимараттар салынып, көшелеріміз кеңейтіліп, Алматы қаласының атына сай көптеген әдемі ағаштар отырғызылып, жайнау үстінде. Сонымен қатар айта кететін жайт, соңғы жылдарда қаламызды байыта түсетіндей бірнеше мектептер-білім ордасы ашылда. Соның бірі менің сүйікті мектебім. Мен осы мектепте оқығаныма өте қуаныштымың және оны мақтан тұтамың.
Менің өзімнің сүйікті қалама тілейтінім және де болашақ өскелең ұрпаққа айтарым осы қаламызды атына сай етіп гүлденуі үшін бар күшімізді салайық дегім келеді. Яғни, біздің қаламызды таза ұстап, оқушыларды жақсы оқып, ата- анамызға көмектесіп жүрсек, ол одан әрі гүлдене түсетініне мен сенімдімін!
Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.