"Дастархан-ау, дастархан,Мерекелі дастархан, берекелі дастархан!"Құрметті оқымандар, мерейлі мереке таяп келеді. Қай мереке екені айдан анық! Иә, Массагеттің туған күні мен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні қатар келген 16 желтоқсан күні біз үшін өте қымбат күн. Дәл осындай қос мереке кезінде жайылған дастарханымыз дәмге толы болсын дей отырып, бүгін сіз бен біз мереке кезінде жайылатын қазақ дастарханы жайлы сөз қозғамақпыз. Біздің дастарханымыз ежелден-ақ халқымыздың ұлан-асыр жеріндей кең. Таспен ұрғанды аспен ұратын қазақ үйіне келген жанның бірін де дәм ауыз тигізбей жібермеген. Бас сұққан үйден нан ауыз тимей шығатын жанға қапа болып, көңіліне алып қалатын болған. Бұл қазір де жоқ емес. Үйге аяқ басқан адамды алаламай "Нан ауыз тиіп кетсеңші" деген үйдегілердің сөзі санамызға сіңіп қалды. Олай етпеген жанға "наннан үлкен болғаны ма" деп ренжиміз. Мұның бәрі біздің сан мыңдаған жыл бойы сары майдай сақталған салтымыздың көрінісі. Бүгіндері де ол салттан ары ұзай қоймадық.
Оқиға – қалыпты өмір ағымындағы өзгеріс, санаға сілкініс әкелетін жәйт; құбылыстың, әрекеттің өту барысы.[1]Азаматтық құқықта – адамның еркі мен санасынан тыс, өзіндік себептерден туындайтын факт. Оған адамның тууы, қайтыс болуы, табиғи немесе техногендік апаттар, мезгілдің өтуі, табиғи құбылыстар, т.б. жатады. Ол құқықтар мен міндеттердің пайда болу негіздерінің бірі болып табылады. Алайда оқиға азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудыруға заңнамада көрсетілген реттерде ғана негіз бола алады. Қылмыстық іс жүргізу құқығында адам әрекеті де окиғаға жатады және анықтама мен тергеу органдарының қарау, тексеру шарасын жүргізуіне негіз болады.