Сыныптас досыңа түлкіні әңгімелеп хат жаз. Ең бірінші досыңмен амандасуды ұмытпа. Хатыңда түлкінің айлакер, қу екенін айт және сақ болуын ескерт. Досыңнан түлкі туралы қандай ертегілер білетінін сұра. Хат соңында досыңмен қоштас.
Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты зерттейтін "Жердің жасанды серігі"-1957жылы 7қазанда аспан кеңістігіне шығарылды.Осы уақыттан бастап адамзат ғарыш кеңістігін зерттей бастады.Ал қазіргі уақытта жерді айнала жүздеген Жердің жасанды серіктері ұшып жүр.Олар арқылы радио мен теледидар хабарлары тезарада дүние жүзіне таратылды.Жердің жасанды серіктері арқылы ауа райын дұрыс және дәлдеп болжауға мүмкіндік туды.Теңізде жүзген кемелер мен ұшақтар бағытын бұрын жұлдыздарға немес Ай мен Күнге қарап болжайтын болса,қазір бұл Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жүзеге асады.
Есімше — етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған өткен шақ мәнін қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен барғанмын”. Сондықтан ол бұрынғы өткен шақтың көрсеткіші қызметін атқарады. Ал “-атын, -етін”, “йтын, йтін” жұрнағы қимылдың келешекте жасалу мәнін білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең келетін сияқты”. Сөйлемдегі мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де қолданылады: “ол бұрын бізге жиі келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”, т.б. Осымен байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ қызметінде қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы: “кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”.