Сюжеттік компазициялық талдау жасаңыз. жусан иісі Оқиғаның басталуы Оқиғаның байланысы Оқиғаның дамуы Оқиғаның шарықтау шегі Оқиғаның шешімі Тақырыбы Идеясы
Ақын Ілияс Жансүгіровтің өнер тақырыбына жазылған көрнекті поэмасының бірі – «Құлагер» қазақ халқының әйгілі өнерпазы, ардагер ұлы Ақан серінің өміріне арнады. Ақан сері – XIX ғасырдағы қазақ елінің рухани мәдениетінің тарихынан елеулі орын алатын белгілі өнер қайраткері. Ол дарынды композитор, ақын, әнші. Өзі өмір сүрген заманның әрқилы мәселелерін айқын өнер тілімен көрсете білген оның әдеби, музыкалық, әншілік еңбектері жайлы көптеген ғылыми-зерттеулер бар. Сол еңбектердің бәрінде де Ақан серінің асқан өнерпаздығы, халықтың рухани азығы болған тамаша поэтикалық, музыкалық шығармалар бергені айрықша атап көрсетіледі. Поэмадағы әр көрініс, әр оқиға өз орнында, ақынның құдіретті шеберлігімен олардың бәрі табиғи бірігіп, үлкен бір жарқыраған тұтас мүсінге айналып кеткен. Бұл поэманың сюжетін, композициясын құрудағы ақынның үлкен ұсталығын байқатса керек. Ақын бас кейіпкер өмірін бейнелегенде поэма жанрының шеңберінен аспай, осы жанрдың адам образын мүсіндеудегі көркемдік мүмкіншілігін белгілі дәрежеде ұтымды пайдаланғанын көреміз. Ол, ең алдымен, оқушы қауымды Ақан серімен біраз таныстырып өтеді. Бұл ретте ақын Ақан серіге кең көлемде мінездеме берген. Сол мінездеме арқылы Ақан серінің ұнамды тұлғасы анықтала бастайды. Ақан мен Батыраш айқасының нәтижесі поэманың соңында аян болады. Зұлым Батыраш өзінің жендетін жұмсап, бәйгеден озып келе жатқан Ақанның Құлагерін қанға бояп өлтіреді де, өз дегеніне жетеді. Ақанның жанын жаралап, өшпес қайғы-қасіретке көміп тастайды. Ежелден келе жатқан зұлымдықтың бұқпантайлап істейтін қанды әрекеті осылай болатын-ды. Ақан да сол жауыздықтың қанды шеңгеліне іліне барады. Өзінің жар астынан бұғып тұрып істеген қастандығын мойындамай жалтарған, көлгірсіген, оның үстіне ат бәйгесін алмақ болып тырысқан Батырашқа сол жердегі халық дүрсе қоя беріп, қарсы шығады. Поэманың тіл байлығы төтенше. Өзге поэмаларындағыдай, мұнда да ақын еркін төгілген, образды бейнеге бай құнарлы тілімен оқушыны бірден баурап алып, бастан-аяқ ғажайып эстетикалық ләззатқа бөлеп тастайды. Мұндағы ұмытылмас сұлу картиналар, айқын әдемі образдар, шындықтан туған романтикалық леп, бұлақша сылдырлаған нәзік лирикалық сезім, серпінді, кең, эпикалық құлаш, балы сорғалаған құнарлы бай тіл, ұйқасы сыңғырлаған кәдімгі он бір буынды қара өлеңнің мінсіз-мүлтіксіз үлгілері «Құлагер» поэмасын шын мағынасында поэзияның «сұлу сарайы», Жансүгіров шығармашылығының биік шыңы екеніне толық дәлел бола алады.
Қазақ халқы әнші ақындар шоғырының аса көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан Қорамсаұлы. Жасынан ән–жырға үйір ол қолына домбыра алып ән салады, өлең шығарады. Жігіттік, сал, серілік жолға бейімделеді. Әдемі киініп, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт ұстайды. Қасына өнерлі жігіттерді жинап, ел аралайды, сауық–сайран құрады. Қалың елді ғажайып әнімен баурайды. Бір уақ сейіл–серуенге шығып, саятшылық құрады. Осындай өзгеше өміріне, өнеріне риза болған халық «сері» атандырады. Ақан сияқты көп қырлы өнері бар адам дүние–байлыққа қызықпаған, оны мақсат та етпеген. Оның есесіне Құлагердей ат, Қараторғай мен Базар ала сияқты қыран құс пен тзы ұстаған. Ақан сал–серіліктің салтанатын аңшылық–саятшылық, құсбегілік мергеншілікпен ұштастырып, бір уақыт осыларды қызықтаған. Құс салып, ит жүгіртіп көңілін көтеріп, жанын жадыратқан. Сондықтан бір қатар туындылары осы тақырыпқа арналған. Солардың ішінде қалың елге кең тарағаны «Құлагер» ән өлеңі. Бірнеше рет аламан бәйгенің алдын бермей, даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлгер 1876 жылы Сағынайдың асынд қастандықпен өлтірілгені белгілі. Бәйгеге үш жүз жиырма үш жүйрік қосылады. Осынша аттың алдына қара үзіп келе жатқан қанатты жүйрік Құлагерді Ақмолның алпуыты Жүсіптің жандайшаптары қастандық жасап, айбалтамен басынан ұрып өлтіреді. Осы бір қарабет–қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Өйткені ер қанатына айналған атқа халық ерекше мән берген. Сондықтан бұл өлең ақынның ауыр жан күйзелісі, терең тебіренісінен туған. Өлеңде озбырлықтан зәбір көрген ақынның көкірегін кернеген қайғы–мұңы бар. Сондай–ақ ақынның көңіл–күйіндегі сан түрлі психологиялық өзгерістер де айқын байқалып отырады. Құлагерді қарап тұрған Ақан сері алдыңғы аттың түсінің өзге екенін байқап мазасыздана бастайды. Бір жамандықты сезгендей болады. Жел соқса қамыс басы майда деймін, Атыңды, ат айдаушы қайда деймін. Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды, Жығылмаса Құлагер қайда деймін?! Деген жолдарда бір үміт, бір күдік тай–таласқа түскендей болады. Ақан сері Құлагердің өлгенін естігенде есі ауысқандай басқа күйге түседі. Оның ой –сезімін бір сәт шарасыздық билегендей болады. Өлді деп Құлагерді естігенде, Бір тұрып, бір отырып ойбайлдым, – дейді. Ақанның өкінішінде шек жоқ. Өлеңнің әр шумағы оның жан күйігіне толы. Құлагер дүбірлі бәйгеге қосылғн сайын Ақан серінің де, елінің де намысын асқақтата түседі. Сондықтан оны бүкіл Атығай, Қарауылға олжа салған жүйрік ретінде жоқтайды. Ердің де, елдің де даңқын асырған тұлпардың қапияда мерт болуы жалпақ жұртқа да оңай болмаған.
Менің хобби-это әрине ғой музыка. Мен өте ән айту сүйемін! Музыка маған серпінді тапсырма береді және ол менің өмірімнің мағынасы. Мен музыка өмірдің мағынасының төрт жылы стала. Мен мама актриса және ол жатпай-тұрмай жүр- әлдеқайда, ал мен бол- жас және түсінбе- қайда ол жүр-, бірақ бір күні мен сұра- бас ол: "маматай, ал- мен анда, қайда ол жатпай-тұрмай жүр-"!.Ол маған жауап берді, не ол мені ендігәрі алады. Және міне осы келесі ретті настал. Біз сырттың қаласында әлдеқандай театрға деген келдік және арқылы несколько сағат концерт басталды. қарамастан және маған олай понравилось, сияқты барлық ән айтты және мен жолға қойдым, не маған де керек ән айту үйренеді, бірақ қалды, не маған және емес қажет оқиды, бас менің дарын болыппын. Және міне енді мен бас вокал: у менің ең алды мұғалима арада әлемде музыкалық мектепке деген аралаймын! Мен өзінің өмірінің музыкамен ұсыну білмеймін!