-Бір күн рұқсат берем. Өздеріңе ыңғайлы қоныс тауып алыңдар. Сол жерге ұя салып, тіршілік етіңдер,-деп әмір береді.
Бүркіт асқар тауды ұнатып, қияға ұя салды. Қызғыш судың ішіне жайғасты. Шағала теңізді, үйрек көлді, бозторғай жазық даланы ұнатты. Қарлығаш Ыбырайым пайғамбардың шарапатынан адамның шаңырағынан жай алды. Ымырт уйірілгенше құстар өздеріне ұя таңдап, жайғасып үлгерді.
Көкек қана сайды еңіс, тауды биік, суды суық деп кірпиязданып жүріп алды. Алланың үкімі екеу болмайды. Кесімді мерзім жетеді. Ұлық Алла құстардың таңдаған қоныстарын өздеріне жайлы мекен етіп берді. Кірпияз көкек ұясыз қалады. Әліге дейін өзіне тиесілі ұя-жайы жоқ. Содан бастап жұмыртқасын басқа құстың ұясына салуға мәжбүр екен.
Өзгені өзекке теппеген халықпыз. Қазақ халқының бұлай деп айтса айтатынындай жөні бар. Менің атам қазақ халқының бауырмалдығын әрдайым бізге айтып отырады. Атамның атасы менің атама Қазақстанға қалай келгендерін, қиналған кездерінде осы халықтың өздеріне пана болғанын айтады екен. Атам бұл тарихи әңгімені бізге айтып берді. Біз өзге ұлт халықтары қазақ халқын сол үшін құрметтейміз. Олардың жақсылықтарын ұрпаққа жеткіземіз. Біз Қазақстандықтарда өзгені өзекке теппейтін халықпыз, - деген мағналы сөзді ұстанамыз.
Алла барлық құстарға:

Объяснение: