Уақыт – біздің өміріміз. Уақыт өмірімізден бөлек емес, уақыт пен өмір арасындағы байланыс күн мен оның сәулесі, ағаш пен жемісі, көз бен көру арасындағы байланыс секілді өте тығыз. Басқа жаратылыстарды айтпағанда, адамзаттың уақыт пен мекенге мұқтаж екеніне ешқандай талас жоқ.
Біз уақытқа тәуелдіміз. Бірақ тәуелді бола тұра өзіміздің міндеттерімізді алға тартамыз. Уақыт жетпейтінін біле тұрып уақытты босқа өткіземіз.Уақыттың жауы-еріншектік. Дүниеге уақыт және өмір көзқарасы бойынша талдау жасап, адамдарда болатын уақыт танымының күшті-әлсіздігіне негізделе отырып, адамдарды үлкен жақтан ең әуелі уақытты қадірлейтіндер және уақытты қадірлемейтіндер деп екі үлкен топқа жіктеуге болады. Бірінші, уақытты қадірлейтіндер. Мұндай адамдар уақытпен жарысады. Оларда мейлі қандай іске болмасын алдын-ала дайындаған айқын мақсаты мен нысанасы, соған жету үшін белгілеген жоба-жоспары, соған сай өзіне қойған қатаң талабы, берік ирадасы болады. Олар күн мен сағатты былай қойып, минут не секундты санап, соған сай іс тындыруға құлшынады.Екінші, уақытты қадірлемейтіндер. Мұндай адамдар өз өмір кешірмесіне қарата алдын-ала айқын мақсат-нысана, жоба-жоспар, талап-тілек қоя білмейді. Бұлардың көбі дүрмекке ілескіш болып, артық ұйқы, яғни орынсыз күлкімен тозады, не болмаса екі қолын алдына сыйғыза алмай өмірін жалығумен, зерігумен, өзін алдаумен өткізеді.
Уақыт – менің өмірім. Мен уақыттан, ол менен ажырай алмаймыз. Ширек ғасырға жетпейтін жиырма жылдық өмірімді уақыт таразысына салып қарасам, ол мені біраз есейтіпті. Бір түйгенім: уақыт бізге жаңа болып көрінген нәрсенің бәрін ескіртеді екен. Сыйлаған қуанышы мен қайғысының төрелігін өзі беріп, емін де өзі жасайды. Біздің қолымыздан бәрі келеді. Біз біраз нәрсені жасап өзгерте аламыз. Тек уақытты емес. Біз уақытқа ешқашан әсер ете алмаймыз.
«Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа» деген халық даналығында өте терең мағына, тәрбие жатыр. Себебі, намыс - намысқойлық – адамның ар-ождан үні, рухани-құндылықтық сезімі. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді. Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады.
«Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат» деп, қазақ халқы қашан да ар – ұждан, намыс секілді ұғымдарды аса жоғары бағалап, қастерлеген. Себебі, бұл – адамдықтың белгісі. Намыс қашанда керек деп есептеймін, кез келген жерде, кез келген жағдайда. Мысалы, ғылым мен білімде, мәдениет пен өнерде, спортта, т.б. салаларда өз ұлтының намысын биік қойған адам бәсекеге қабілетті болуға талпынады. Намыстың жоғары болуы отаншылдыққа бастайды. Патриоттық сезімді арттырады. Өз еліңнің, жеріңнің қадірін айрықша білуге, қастерлеуге үйретеді.
Ал менің қазіргі жастарға, өзімнің құрбы – құрдастарыма айтарым – «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген қағиданы әрқашан есте сақтап, ар – намыстың қадірін біліп, ұлттық намысымызды сақтай білейік.

Ар – намыс туралы эссе.