Жазғы демалыс та келіп жетті. Арман мен Лаура ауылға, атасы мен әжесінің үйіне келді. Олардың қуанышында шек болмады. Себебі ауылда неше түрлі қызықтар бар еді. Олар атасымен бірге төрт түлік малдың төлдеріне тамақ берді. Кейін атасы баптап жүрген бақшаға келді. Жап-жасыл ағаштар мен түрлі түсті гүлдердің ортасында өздерін жеңіл сезініп, асыр салып ойнады. Аталарынан ананы бір, мынаны бір сұрауды да ұмытпады. Кейін Арман мен Лаура өздерінің де осылай ағаш күтіп, өсіргілері келетінін айтты. Атасы онда ертеңнен бастап немерелерінің ағашына орын дайындайтынын айтып балаларды бір қуантты. Одан кейін зерек Арман атасынан жаңбырдың қалай пайда болатынын, ағаштардың емдік қасиеттері жайлы сұрады. Лаура да Арманның сұрақтарын құптап қойды. Немерелерінің зеректігіне таң қалып, қуана-қуана сұрақтарынан жауап берді. Кейін бұл үшеуі табиғатты ластамау туралы да біраз талқылады. Осылайша Арман мен Лаураның әр күні түрлі қызыққа толы еді.
Атасының немерелері.