Тәкен(Тәңірберген)Әлімқұлов(22.11.1918, созақ ауданы,бабата ауы- лы - 13.4.1987, алматы)-ақын,жа-зушы, әдебиет сыншысы.Мәскеудегі әдебиет институтын бітірген (1953).Шығармалары 1945 жылдан жарияла-на бастады.Сол кезден жазушы ретін-де танылды.Алғашқы өлеңдер жинағы-«са-пар» 1950 жылы жарық көрді.Жазушы шығармаларының негізгі тақырыбы-ауыл тіршілігі,адам тағдыры,өнер қайраткерлерінің өмірі.Ол қоғамдағы жалғандыққа, бұрмалаушылыққа көн-беді.Адамның ішкі табиғаты мен сыртқы әрекетіндегі қайшылықтарды көркем шығармаға арқау етті жазушы Абай, махамбет секілді та-рихи тұлғалардың өмірі жайлы көркем шығармалар жазды.«Халықтар достығы» орденімен ма-рапатталған (1978). Определите стиль текста,желательно самостоятельно.
Абай Құнанбаев
Ұлы Абайды "Қазақтың бас ақыны" деп бағалап, алғашқылардың бірі болып оның ақындық зор тұлғасын дәл сипаттап, әдебиет, мәдениет пен қоғамдық ой.санамыздың дамуындағы орасан зор маңызын тұжырымды түрде айқындап берген Ахмет Байтұрсыновтың осы бір нұсқалы сөзін есте тұта отырып айту парыз деп ойлаймыз. Бұл бүгінгіге дейінгі өрістетіліп, кеңейтіліп, әртүрлі бағытта нақтылай айтылып келе жаткан сан алуан пікірлердің тірегі, алғашқы түйіні, асыл ұрық.дәні, ақиқат түйірі деуге лайық, өйткені ол жай әншейін әлдеқалай айтыла салмай, әбден барлап, ойлап, тереңіне бойлап, байыбына барып, мәнісін жете аңғарып айтылған түйінді ой.тұжырым.
Абайдың атын әлемге әйгілеп, өзінің ғылыми зерттеулерімен де, атақты "Абай жолы" дәуірнамасымен де абайтануды үлкен сара жолға салған Мұхтар Әуезов те жаңаша ой толғап, соны шешімдер іздегенде Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановтың пікірлерін үнемі тірек еткені ешбір дау туғызбайды. Ахмет Байтұрсынов Абайды бас ақын деп жоғары бағалап, қастерлегенде оның басқадай қасиеттерін, ұлы тұлғасының өзге жақтарын көре білмеді, дарыны, даналығы көп қырлы екенін тани алмады десек, ағаттық болмай ма? Мұны айтып отырғанымыз, бүгін Абайды мақтамақ болғанда кейбір авторлардың ол ақын ғана емес, ойшыл ғұлама деп көтеріп тастағандай болатыны байқалады. Әрине, Абай ұлы ойшыл, ғұлама, өзгеден мойыны озық философ. Абайды хакім деу де орынды. Ол сөзді Абай өзі де қолданған. Абайды хакім деп Мағжан да бір өлеңінде атайтыны бар. Хакім деген сөз тілімізде жылдар бойы аз қолданылып, мағынасы көнергендей болып келді де, қазір жаңғырып қайта жанданды. Алайда Мағжан Абайды "шын хакім, сөзің асыл, баға жетпес" деп сипаттағанда, оның ойшылдығын, даналығын ақындығынан бөліп айтпаған.
Абайдың ойшылдығы, кемеңгер философ екені терең ашылмай, жете айтылмай келгені рас. Тіпті таптық идеологияның қисынына сәйкес бір жақты айтылған кездері де аз болған жоқ. Абайдың дүниеге, қоғамға көзқарасы, әсіресе алла, имандылық туралы пікірлері бұрмаланып баяндалды. Бұл тұрғыдан қарағанда Абайдың ойшылдығын баса айтудың әбден жөні бар. Абайдың дүниетанымы, философиялық көзқарастары туралы еңбекте солай етудің өзі бірден.бір қажет және мұның өзі ғылыми зерттеудің тәсілі. Бірақ бірде болмаса бірде кездесіп қалатын қара сөздерінде ойшылдық, даналық басым екен, өлеңдері таза поэзия ғой деген секілді жаңсақ пікірлердің айтылуы еш дәлелсіз. Әрине, дүниенің өзгеріп дамуы, алла мен адамның болмысы туралы арнайы пікір толғаған сөздері өз алдына.
Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану қазақтың өзін-өзі тануының, басы да, соңы да! Абайды тану Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білеміз. Айдай анық нәрсе, Абай ақын ғана емес, ол өлеңдері арқылы өз халқының төрдегі басын есікке сүйреп келген, басты міндерін батыл көрсетіп берген тұңғыш дана сыншымыз да!
Ілік септік кімнің?адамдың
Барыс септік кімге?адамға
Табыс септік кімді?адамды
Жатыс септік кімде?адамда
Шығыс септік кімден?адамдан
Көмектес септік кіммен?адаммен
Атау септік не?үй
Ілік септік ненің?үйдің
Барыс септік неге?үйге
Табыс септік нені үйді
Жатыс септік неде?үйде
Шығыс септік неден? үйден
Көмектес септік немен?үймен.
Атау септік не?жолбарыс
Ілік септік ненің?жолбарыстың
Барыс септік неге?жолбарысқа
Табыс септік нені?жолбарысты
Жатыс септік неде?жолбарыста
Шығыс септік неден?жолбарыстан
Көмектес септік немен?жолбарыспен