В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Жекон124
Жекон124
31.08.2021 06:53 •  Қазақ тiлi

Тұлғаны тəрбиелеу, оған кешенді білім беру, машықтануға дағдыландыру жəне мүмкіндікті дамытудың тарихына сипаттама?​

Показать ответ
Ответ:
Zufar1618
Zufar1618
03.07.2022 19:02
1) Елгезек екі айтқызбайды. Себебі, елгезек бала ол ешқашанда сөзді қалт келтірмейді және айтқанды бірден орындайды. Сол себептен, елгезек екі айтқызбайды делінген.
2) Жаман сөз жылатады, жақсы сөз жұбатады. Шынында, сөз сүйектен өтеді демекші. Жаман сөз ол сүйектен өтеді. Жақсы сөз керісінше адамды терең ойдан арылтады.
3) Аңдамай сөйлеген адам ол әп-сәтте кез келген заттан, жақынынан айырылып қалуы мүмкін болатын жағдайлар жиі кездеседі. Сол себептен де, адам әрдайым ойланып сөйлеуі тиіс.
4)Мысалға, көп адамдар болады тәрбие көрмеген. Тәрбиең - ол әрдайым адамның айнасы болуы тиіс. Көрсеткен тәрбиең арқылы ата-анаңның үміті ақталады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
СaБIНw
СaБIНw
19.10.2021 01:45

Есімдік есім сөздердің: зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылып, соларды нұсқап, меңзеп, сілтеп көрсетеді. Есімдіктер орынбасар сөздер деп те аталады.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздік есімдігі.

1. Жіктеу есімдігі заттық ұғыммен байланысты қолданылады. Олар: мен, сен, сіз, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері үш жақта, жекеше және көпше түрде қолданылады.

2. Сілтеу есімдігі нұсқау, мегзеу, көрсету мағыналарын білдіретін бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау деген сөздер.

3. Сұрау есімдігіне жауап алу мақсатымен қойылған сұрау мәнді сөздер жатады. Олар: кім? не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т.б.

4. Өздік есімдігіне әр тұлғада түрленіп қолданылатын өз деген бір ғана сөз жатады. Өз есімдігі түрленіп тәуелденіп: сенің өзің; көптеліп: өздері; септеліп: өзімнің түрінде қолданылады.

5. Жалпылау есімдігіне жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады.

6. Болымсыздық есімдігіне ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайда, дәнеңе, дәнеме деген болымсыздық мағынаны білдіретін сөздер жатады.

Болымсыздық есімдіктері еш сөзімен бір, кім, қашан, қайдан, қандай деген есімдіктердің бірігуі арқылы жасалып, бірге жазылады: ешбір, ешқашан, ешқандай, ешкім, т.б. Ал еш сөзі басқа сөздермен (зат есімдермен) тіркесіп келгенде, бөлек жазылады: еш адам, еш оқиға, еш кітапта, еш жерде, еш уақытта, еш мүмкіндік, еш ата-ана, т.б.

Болымсыздық есімдіктерінің ерекшеліктері:

1. Ешкім, ештеңе, ештеме, дәнеңе, дәнеме, ешқайсысы деген болымсыздық есімдіктер сөйлемде зат есім орнына қолданылып кім, не? деген сұраққа жауап берсе – бастауыш қызметін атқарады.

2. Ешқашан, ешқайда, ешқайдан есімдіктері мезгілдік, мекендік мәнде жұмсалып, пысықтауыш болады.

3. Ешқандай есімдігі қандай? сұрағына жауап беріп, заттың сынын білдіріп, анықтауыш қызметін атқарады.

Мысалы: Іздегені ешқайда (қайда?) болмай шықты. Ешқайсысы (кім?) кешіккен жоқ. Ешқашан (қашан?) өтірік айтпа.

7. Белгісіздік есімдігі – затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап, тұспалдап көрсететін сөздер. Белгісіздік есімдігіне: бір, біреу, кейбір, кейбіреу, әрбір, әрбіреу, қайбір, қайбіреу, біраз, бірдеме, бірнеше;

әлде, әлдекім, әлдене, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқайдан; әр, әркім, әрне, әрқашан, әрқандай, әрқайсысы, әрбір, әрбіреу, кімде-кім деген сөздер жатады.

Белгісіздік есімдіктерінің ерекшеліктері:

1. Әлде, әр, кей, қай, бір сөздері басқа біреу, кім, не, бір, қашан, қалай, қайда, аз есімдіктерімен тіркескенде бірге жазылады: әлдебіреу, әркім, біраз, әрқалай, т.б.

Басқа сөз таптарымен тіркескенде бөлек жазылады: кей күні, бір бала, әр адам, т.б.

2. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, кімде-кім, әркім, әрне, әлдене белгісіздік есімдіктері зат есім орнына жұмсалып, сөйлемде бастауыш болады. Әркім (кім?) өз ойымен отыр. Әрқайсысы (кім?) әртүрлі пікір айтты.

3. Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір есімдіктері сын есім орнына жұмсалып, сөйлемде анықтауыш болады. Кейбір (қай?) оқиға еш ұмытылмайды. Әрбір (қай?) адам өзі үшін жауап береді. Бірнеше (қанша?) оқушы әңгімелесіп тұр.

4. Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайдан есімдіктері үстеу мәнінде жұмсалып, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Әрқашан (қашан?) шындықты айту керек. Әлдеқайдан (қайдан?) бір дыбыс естілді.

Есімдіктер – есім сөздердің орнына жүретін сөз табы болғандықтан, көптеліп те, жіктеліп те, тәуелденіп те, септеліп те қолданылады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота