Қаныш Сәтбаев - ұлттық индустрияны дамытуға еңбек сіңірген ұлы тұлға.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде Баянауыл ауданында дүниеге келген.Қ.Сәтбаев табиғат зерттеушісі,ойшыл ғұлама,ғалым-геолог.Шебер ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Қазақстан индустриясын дамытқан кемеңгер ғалым.Қ.Сәтбаев 1926жылы Томск технологиялық институтты үздік бітіріп, тау-кен инженер геологы мамандығы бойынша диплом алған,ең алғашқы қазақ болған.Жас маман жазда Қазақстандағы өнеркәсіп орындарында,қыста Москвада зертханалық талдаумен айналысқан.Қ.Сатбаев Жезқазған кен орнында мыс қорының өте мол екенін анықтады.Ғалымның арқасында 1938жылы 13 ақпанда Жезқазған кен-металургия комбинатының құрылысын бастау жөнінде жарлық шықты.1940жылы Қазақстанның 20жылдық тойында ересен еңбегі үшін,сол заманғы ең жоғарғы құрмет - Ленин орденімен марапатталды.Қ.Сәтбаев есімі бүкіл әлемге танылды.Қ.Сәтбаев геология ғылымының барлық саласы бойынша жұмыс жүргізе білген ғалым.Соғыс кезіндеде бар күшін Отанды фашизмнен қорғау ісіне арнады.Соғыс аяқталған соң,халық шаруашылығын өркендетуге бар күш-жігерін салды.1946жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылып,Қ.И.Сәтбаев оның алғашқы президенті болды.Қ.Сәтбаев Шығыс республикалары ғалымдарының арасынан шыққан тұңғыш академик атанған ұлы тұлға.Өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен,мейірімді адам сүйгіш мінезімен мамандарды ғылым жолына тарта білді.Геология ғылымымен шұғылданып қоймай,халық шаруашылығының индустрия жолымен өркендеуін ұйымдастырушы болып,зор еңбек сіңірді.Мұхтар Әуезов Қаныш туралы:Оның үлкен бір ерекшелігі- ол химикпенде,биологпенде,физикпенде,медик пен тарихшыменде,филологпенде өз ғылыми түлінде сөйлесе біледі,-деген.Қ.Сәтбаев бір сырлы,мың қырлы азамат әрі ғалым болған.Қ.Сәтбаевтың артында қалған үш мұрасы ретінде:Жезқазғанды,Ғылым академиясын,Геологиялық институтты атайды.Орталық Қазақстанның металлогениялық болжам картасы бүкіл әлемдегі теңдесі жоқ ғылыми еңбек.Қ.Сәтбаев өзінің ғылыми еңбектерімен,тамаша мінез-құлқымен,сұлу тұлғасыменде ерекшеленетін ұлы тұлға.Ұлттық индустрияны дамытуда еңбек сіңірген ұлы тұлға ретінде жас ұрпақтың есінде мәңгі қалады.
Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді. Мысалы, 20 ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрген 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 70 мыңға жуық лексикалық және фразеологиялық бірліктер енген. Бірақ мұнда қазақ тіліндегі барлық сөздер қамтылмаған. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. ( осыған қарап жасап көріңіз)