Тіл – таусылмайтын байлық. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отырады. Тіл – баға жетпес мұра. Қанша тіл білсең, сонша қырлысың. Өзге тілді оқып-үйрену өте жақсы, дегенмен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» (Қ. Мырза Әлі) деген қанатты сөз тағы бар. Алдымен туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Туған елім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы, Өссе тілім, менде бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп, ақын Әбділда Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт-санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Кез келген ұлттың тілін оқып-үйрену арқылы сол ұлттың болмысымен танысамыз. Тілді жетік меңгерген сайын дүниетанымымыз кеңейе түседі. Ол білімімізді арттыруға септігін тигізеді. Тіл – білімнің кілті. Жан-жақты ақпараттардан біліктілік жоғарылайды, қоғамның дамуына үлкен үлес қосады. Әбділда атамыздың тілді «тірліктің айғағы» ретінде санауы да осының дәлелі сияқты. Тіл дегеніміз не? Тіл қандай? Достықтың кілті, байлық,